Балықшылар бақ сынадыБүгінде күйзеліске жиі ұшырайтын адамдар көп. Шаршағаныңды басып, күйзелісіңді жеңуге жәрдемдесетін спорттың ерекше түрі – балық аулау. Таза ауада, тұнық судың бойында жүйкең демалып, иммунитетің артатынын дәрігерлер де мойындайды. Осыған орай балықшылары “Лагерь” жазғы демалыс орнына жиналды. Балық аулайтын құралдарын сайлап келген балықшылар “Торғай” өзініне жұтпа салып, бәсекелестікке ден қойды.
“Сайыс ережесіне сәйкес ең бірінші ауланған балық пен ең үлкен балыққа арнайы жүлде тағайындалдық. Балық аулау жарысы таңғы сағат тоғызда басталды.Көршілес Амангелді ауданынан келген кәнігі балықшылар болды. Балықшылардың бірі олжалы болса енді бірінің қармағына ештеңе ілікпеді. Сайысты тәжірбиелі төрешілер бақылап отырды. Осындай сайыстар арқылы жастарды кәсіпке баулып, балық шаруашылығына деген қызығушылығын арттыруды жөн көрдік”,- дейді ұйымдастырушылар.
Байқауда бағы жанып, қанжығасы майланған балықшылар арнайы кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 19 кг балық алған 1992 жылы туған азаматтар байқаудың бас жүлдесін иеленді.
Байбатыр АХМЕТКЕКОВ
Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)
Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…
This website uses cookies.