Жанкелдин ауданында байқау жеңімпаздары анықталды

Көпке үлгі отбасылар бақ сынады

Өнегелі құндылықты жаңғыртуға, отбасымен некенің жағымды үлгісін таратуға сондай-ақ, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық жобасы 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Аталмыш жоба Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы қаулысмен бекітіліген. Сол жылдардан бері әр өңірде отбасылар байқауға өтінім беріп, байқау шарттарына лайықтылар жеңімпаз атанып, көпке үлгі болып жүр.

Мәселен ауданда отбасылық байқау 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Үш кезеңнен тұратын байқаудың аудандық кезеңі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Арнайы құрылған қазылардың шешімімен Қарағұловтар отбасы «Мерейлі отбасы-2024» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Байқау жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Аудандық мәслихаттың төрайымы Анар Ержігітова құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарға мақтау қағаздарын, ақшалай сыйлық пен гүл шоқтарын табыс етті.

Байқау қорытындысы бойынша аудандық кезеңнің «Өнегелі отбасы» арнайы номинациясымен Тәуіш ауылының тұрғыны «Баяхметовтер» отбасы марапатталды. «Үлгілі отбасы» номинациясын сужарғандық «Мәмбетовтер» отбасы иеленіп, ақшалай 30 мың теңгеге қол жеткізді. Жүлделі III орынды қызбелдік «Сапартовтар» отбасы місе тұтты. Олар 40 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. II орынды Ашығанақ ауылының тұрғыны «Әбілхайыровтар» отбасы лайықты деп танылып, 50 000 теңге ақшалай сыйақы берілді. Байқаудың I орын иегерлері шегендік «Мырзағалиевтер» отбасы. Жеңімпаз отбасыға 70 000 теңге ақшалай сыйақы және де облыстық кезеңге жолдама берді. «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің бас жүлдесін «Қарағұловтар» отбасы жеңіп алды. 100 мың теңге ақшалай сыйақы табысталды. Байқаудың екінші кезеңіне жолдама алған қатысушыларға сәттілік тілейміз.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Кого освободят от сдачи декларации в 2025 году?

Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)

1 день ago

This website uses cookies.