Жанкелдин ауданында ауыл, ауылдық округтердегі ветернинария саласына мән берілуде

Қызметтік сапа жақсарады

Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Жангелдин ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына екі қызметтік нива көлігі және екі ветеринарлық пунктер ретінде іші заман талабына сай жабдықталған арнайы контейнерлер берілді.

Жалпы аудан бойынша ауыл және ауылдық округтерді қосы алғанда 12 мал дәрігерлік пункті бар. Қызметкерлер саны 63. Ветеринарлық пунктер 2013 жылы ашылып, барлық ауылдар қызметтік нива көлігімен қамтылған болатын. Содан бері қызметтік көліктер жаңармаған, қазіргі таңда көліктердің жағдайы сын көтермейді. Тіпті істен шыққандарыда бар. Бірең – сараң көлік мемлекеттік сатып алу арқылы қажетті қосалқы бөлшектерді ауысту нәтижесінде жарап отыр. Ал қызметкерлердің жұмыс орны осы уақытқа дейін әкімдіктің ғимараттарында орналасқан.

«Күні кеше берілген қызметтік көліктер А.Байтұрсынұлы ауылы мен Қызбел ауылына берілді. Екі мал дәрігерлік контейнерлері Қалам-Қарасу және Шеген ауылдарына қойылды. Бізде арнайы орындар болмағандықтан ауыл және ауылдық округтегі мамандар әкімшілік базасындағы бос бөлмелерде орналасқан. Берілген арнайы пунктерді 2026 жылы қалған 10 ауылға толық қамтуға жоспарлап, жұмыс жасаудамыз. Себебі, тарнайы контейнерлерде мамандар үшін барлық жағдай талапқа сай жасалған. Жарықтар тартылып, интернет желісі, жылу жүйесіде жүргізілген. Қамтамасыз етілген ауылдар енді аудан орталығына келмей арнайы орыннан тұрғындарға жайлы қызмет көрсете алады. Сонымен қатар, 2026 жылға 5-6 нива көлігін жаңартуда жоспарда бар»,-дейді бөлім басшысы Аян Нұрмұхамед.


Аудан орталығындағы бөлімге 2024 жылы қызметтік көлік берілген. Шалғайдағы ауылдың жағдайына мән беріліп, келер жылы жоспар толық орындалса игі. Себебі интернет желісімен барлық ауыл қамтылмаған. Аудан орталығындағы ауылдардан келіп-кетіп жұмыс жасауға біріншіден көлік керек, екіншіден жолдыңда жағдайы жарамайды. Осы мәселелерге баса көңіл аударылып, бірінші кезекте шалғайдағы ауылдың жағдайын назарда ұстаған абзал.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.