Алда ауқымды жұмыстар бар
Жанкелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев ауы, ауылдық округтерді аралап, әкім мырзалардың атқарған жұмыстарын тыңдап, алда атқарылатын ауықымы кең жұмыстарды талқылады. Ауыл халқының алдында есеп берген ауыл, ауылдық округ әкімдері ел игілігі үшін істеген азды көпті жұмыстарын баяндады. Кемшіліктерде жоқ емес. Ауыл халқы жиын барысында сын пікір айтып, ұсыныстарын жеткізді. Ал, әкім мырзалар көрпелеріне қарай көсіледі. Себебі, анау айтқандай бюджеттері өте көп емес. Көлік салығы мен мүлік салығынан түсетін қаржы ауылдың абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына үнемдеп жұмсалады. Қас қылғанда міндетті салықты төлемей сағызша созып жүретін тұрғындар да жоқ емес. Тіпті, үй ішінде краннан ағып тұрған судың да ақшасын төлеу бітпес жырға айналып келеді.
“Биыл көптеген жоспарлы жұмыстар бар. Оны жүзеге асыру үшін тынымсыз жұмыс істеу керек. Ауыл, ауылдық округтерде де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Сондықтан әкімдер ширақ қимылдау керек. Атқарылатын жұмыстарды портал арқылы конкур ұйымдастырып, мердігерлерді осы бастан анықтау қажет. Биыл М. Дулатұлы атамыздың 140 жылдық мерейтойы. Дайындық жұмыстарын бастауымыз керек. Бұл тек туған жері Саға ауылына ғана міндет емес. Барлық әкімдер жұмылып жұмыс жасауға дайын болыңыздар,-деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, аудан әкімі ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралап, бірқатар тапсырмалар берді. Осы жылы ауыл, ауылдық округтердің 8 әкімінің өкілеттігі аяқталуда, алда қайта сайлау басталады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Тарихи тойдың өтуіне де аз уақыт қалды (далее…)
Елеулі еңбек ескерілді (далее…)
Халық үніне құлақ асу басты мақсат Жанкелдин ауданына Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясының…
Жанкелдин ауданында аудан орталығындағы 5көшеге асфальт салу және 5 км жерге тратуар орнату жұмыстары қарқынды…
Ұлы ақынның есімі ұлықталды (далее…)
Сыңға қалып, сағымыз сынбасын (далее…)
This website uses cookies.