Жанкелдин ауданында арнайы құрылған комиссия мүшелері дүкендерді аралады

Мемлекеттік тілге құрмет

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Cowerking» залында аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен арнайы жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Айта кету керек, ауданда Қазақстан Республикасының тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының кәсіпкерлердің фиксалдық(кәсіпкерлік) түбіртектерді «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шығаруын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Жұмыс тобының кезекті отырысы кәсіпкерлерге арнайы түсінік жұмысын нақты тиянақты жеткізуге бағытталды. Осы орайда, арнайы мамандардың пікірі тыңдалып, атқарылу керек жұмыстарға жоспарлар құрылды. Сонымен қатар, жұмыс тобы арнайы сауда нүктелерін аралап, түсінік жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік тілді қолдайтын кәсіп иелері бірден «Кассалық апараттарын» қазақ тіліне аударып, түбіртекті қазақ тілінде шығаруға қолдау білдірді. Құрылған жұмыс тобының түсінік жұмыстары арнайы дүкендерді аралаудан бөлек, бейне жазба дайындап «Whatsapp» желісіндегі кәсіпкерлердің ортақ тобына жіберілді. Бинероликте ұялы телефондағы электронды және кассалық апараттың түбіртегін қазақ тіліне қалай ауыстырылатындығы жөнінде анық көрсетілген нұсқаулық болды. Аталған жұмыс тобының түсінік жұмыстары, жұмыс жоспарына сәйкес алдағы уақыттада жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік тілді қолдау баршамыздың ортақ міндетіміз. Ана тілін құрметтейтін әр бір елдің азаматы кез-келген нұсқаулықты қазақ тілінде қолданғаны абзал. Ол дегеніміз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге тікелей ықпал жасайды. Мәселен, арнайы құрылғылардан ақша шешіп алар болсаңызда, қазақ тілін таңдау маңызды. Ана тілімізді қолдауға баршамыз бірге атсалысайық.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

This website uses cookies.