Ана мейірім шуағы
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде 8наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекеіне орай, мерекелік салтанатты жиын өтті.Аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев барша мерекелік жиынға жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін арнады.
“Әйелдер қауымының мемлекет және қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Сіздер барлық маңызды салада нәтижелі еңбек етіп, елдіктің жүгін ер азаматтармен бірдей арқалап, отбасының түтінін түзу ұшырып қана қоймай, ел болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде шексіз еңбек сіңіріп келесіздер.Сіздерді мерекемен құттықтай отырып,дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеймін”-деді аудан басшысы.Шара барысында аудандағы мерейлі жасқа толған апа-әжелерге аудан әкімі атынан сый сияпат табыс етілді.Сонымен қатар аудан әкімі “Күміс алқа” иегерлері атанған, өмірлері өнегемен өрілген алтын құрсақты аналарды “Күміс алқа” медалімен наградттады. 2025жыл ел Президенті жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын.Осы орайда, әр салада жүрген бірқатар аяулы жандар мерекеге орай, облыс әкімінің құрмет грамотасымен, енді бірі еңбектегі адам қызметі үшін аудан әкімінің грамотасымен марапатталды.
Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының дайындаған концертімен жалғасты.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Ауданның абыройы асқақтады (далее…)
Жақсылық жаса адамға (далее…)
Көтеріңкі көңіл күйдің кейіпкерлері Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен әр салада жемісті еңбек етіп жүрген…
Мектеп оқушысының жетістігі (далее…)
Ұлы тұлғаны ұлықтаған күн (далее…)
This website uses cookies.