Жанкелдин ауданында «қара байлықтың қоры бар» деген жан – жақты пікірлер талқылануда

Қазба байлық өңірі

Торғайдағы «Жыланшық» учаскесі геологиялық барлау нысанына айналды: «Оңтүстік» жеке сауда-өнеркәсіптік корпорациясы мұнда жер қойнауын кешенді зерттеуді жоспарлап отыр. «Наша газета» хабарлағандай, жоба толығымен инвестордың өз қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Жобаны жүзеге асыру үшін жеке компания құрылады. Геологиялық барлау және инженерлік-геологиялық жұмыстар жоспарланған аумақтың ауданы 800 шаршы шақырымды құрайды екен. Қазіргі уақытта ғылыми мекемелермен және сейсмикалық барлау қызметін көрсететін мамандандырылған мердігерлермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Келешекте инвесторлар 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

«Зерттеу барысында экологиялық аспектілер де ескерілетінін атап көрсетеді: аймақта көптеген ауыл шаруашылығы жерлері, мемлекеттік қорықтар және экологиялық сезімтал аймақтар бар. Кешегі кеңес заманында Солтүстік Торғайдың жекелеген аймақтарында шағын мұнай кен орындары табылған болатын. Қазба байлығы бар өңірідің жарқын болашағы ел үмітіне сәуле шашары анық», – дейді мамандар.

Ертеректе, ардагер ұстаз, марқұм Халық Қосқолов, Ақкөл жерінде жерасты қазба байлығы бар деп айтқаны бүгінгі күні шындыққа жанасқалы тұр. Егер мұнай шықса, кешегі батыс жолы салынса, киелі Торғай жері қайта дамып, өркендейтін болады. Үмітімізді үзбей, айтылған жәйіттерге сенім қарайық.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

5 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.