Жанкелдин ауданында Абай Құнанбаевтың құрметіне арналған әдеби кеш өтті

Ұлы ақынның есімі ұлықталды

Аталмыш дата Қазақстанның әр өңірінде кең көлемде аталып өтіліп, түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осы орайда аудандық Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде ұлы ақынның 180 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Жангелдин ауданының мәдениет бөлімінің бастамасымен өткізілген шараның негізгі мақсаты, ұлт руханиятының темірқазығына айналған ұлы тұлғаның бай мұрасын дәріптеу, өскелең ұрпаққа шығармаларын кеңінен таныстыру, адамгершілік пен білімге құштарлықты насихаттау болды. Кеш барысында Абайдың сыршыл өлеңдері оқылып, «Қара сөздерінен» үзінділер сахналық қойылыммен көрермен назарына ұсынылды. Ақын шығармаларындағы терең ой мен адамгершілік қағидаттар жиналған жұрттың жүрегіне жетіп, тыңдарманын ойға қалдырды. Кеш барысында Абай өлеңдеріне жазылған әсем әндер орындалып, кешке ерекше көркемдік әр берді. Бұл әдеби-сазды кеш аудан жұртшылығына үлкен рухани серпіліс сыйлап, Абай мұрасына деген құрмет пен қызығушылықты арттырды.


Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы – халқымыздың мәңгілік қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өлеңдері, қара сөздері тек әдеби мұра ғана емес, терең философиялық, тәрбиелік мағынаға ие. Абайды ұлықтау – елдігімізді танытудың, ұлттық рухты биіктетудің айқын көрінісі. Осындай рухани іс-шаралар арқылы ұлы ақынның өсиеті өшпей, әр буын санасына сіңіп, келешекке жол көрсете береді.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Жанкелдин ауданына Мәжіліс депутаты келді

Халық үніне құлақ асу басты мақсат Жанкелдин ауданына Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясының…

2 дня ago

Жанкелдин ауданында 5 көшеге асфальт салу жұмыстары жүргізілуде

Жанкелдин ауданында аудан орталығындағы 5көшеге асфальт салу және 5 км жерге тратуар орнату жұмыстары қарқынды…

2 дня ago

This website uses cookies.