Жанкелдин ауданында 5 көшеге асфальт салу жұмыстары жүргізілуде

Жанкелдин ауданында аудан орталығындағы 5көшеге асфальт салу және 5 км жерге тратуар орнату жұмыстары қарқынды жүруде.

Екі үш жылдан бері аудан орталығындағы көшелерге асфальт жүргізу жұмыстары тоқтап қалған болатын. Тұрғындардың ойындағы өзекті мәселе шешімін тапты деуге болады. Қайнекей, Абай, Амангелді, Алматов және Токин көшесі мен Нұрхан көшесіннің ортаңғы бөлігіне жол салу жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, аталған көшелердің ішінде Амангелді көшесінде ғана бұрын соңды асфальт болған, дегенмен жөндеуді қажет етіп тұрған көшелер қатарында еді. Амангелді және Алматов көшелеріне қиыршық тастар салынып, асфаль жабындысы төселіп, жұмыс толығымен аяқталды. Қалған үш көшенің орындары тегістеліп, қиыршық тастар төселді, жол салу ережелеріне сәйкес, бұрын соңды асфальт болмағандықтан асфальт жабындысы келер жылы төселетін болады. Жұмысты Арқалық қаласының мердігері «Редер Строй-2002» ЖШС атқаруда.

Сонымен қатар 5км жерге таратуар жүргізу жұмыстарын Шымкент қаласынан келген мердігер «Ахметқали» ЖШС жүргізуде. Жаяу жүргіншілер жолы бұрын соңды болмаған Жангелов, Токин, Қайнекей көшелеріне салынуда. Бүгінде жұмыстың біраз бөлігі жасалған. Қиыршық тастар төселіп, беткі бөлігі асьфалт жабындысымен жабылатын болады.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

5 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.