Тарихи жерлермен танысты
“Тылсым Торғай-тур” жобасы аясында ауданға саяхатшылар келді.Экспедиция құрамын облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының төрайымы Александра Сергазинова бастап келді. Экспедиция құрамында “Жанашыр бол” қоғамдық қорының мүшелері, ғалымдар мен журналисттер және блогерлер бар. Олар ең алдымен Алаштың ардақтылар Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының мұражайына ат басын тіреді. Ахаң мен Жахаңның тұтынған көне заттарымен және шығармаларымен танысты. Торғайдан шыққан тұлғалардың өмір тарихына қанық болды. Одан кейін ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин мұражайын аралады. Ұстаздық жолындағы еңбектерімен танысты.
Ақкөл ауылына бет алған экспедиция құрамы Ахмет атамыздың кесенесіне тағзым жасап, құрбандық шалмақшы болды.Бірақ ауыл әкімі берген сөзінен тайып,барған меймандар мұражай алдында 2 сағатқа жуық телміріп тұрған. Сеніп тапсырған адамы сертінен тайып, мұражай маңына бармаған.Абырой болғанда ауыл әкімшілігінің есепшісі барып,қара құлып тұрған мұражай есігін ашып,қонақтардың алғысын алған. Ауылдағы Ахаң мұражайына түнеп, таң сәріде шипалы емі бар “Тұзды көлге” жол тартты.
“Торғай жерінің тылсым табиғатына тәнті болдық. Көптеген тұлғалар шыққан киелі жердің қасиетті топырағын басу біз үшін үлкен бақыт. Ахмет пен Міржақып атамыздың туған жеріне келіп, арқа басымыз кеңіді. Тұлалар мен қазба байлыққа бай өлкені келешегі зор деп білеміз”,-дейді экспедиция мүшелері.
Емдік қасиеті мол шипалы тұздың суынан керемет ләззат алған олар көршілес Амангелді ауылына жақсы көңіл күймен кетті.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Жауапты мамандар жоқ (далее…)
Мәдени ошақ жаңа кейіпте (далее…)
Тігінші қарияның ісмерлігі (далее…)
Ел мерейін көтерді (далее…)
Тұлғаға рухына тағзым (далее…)
This website uses cookies.