Аудан тазалығы тұрғындарға байланысты
Ауданның қыр жағында 2 шақырым жерде арнайы қатты қалдықтар мен қоқыс төгетін орын бар. Ол қазіргі уақытта коммуналдық кәсіпорынның меншігінде. Жергілікті тұрғындар қысы жазы, қоқыстарын сол арнайы орынға апарып төгеді. Бірақ, барып көрсеңіз адам шошырлық көрніске тап боласыз. Үлкен кішілі техникамен апарып төккен қоқыстартарды бейберекет әрбір жерге аудара салған. Қоршаудың сыртынан төгіп, үн – түнсіз кете беретін адамдар жанашырлық дегенді білмейтін сынайлы. Дәл осы бағыттан таймайтын болса, сырт жаққа төгілген боқат пен қоқыс көп ұзамай шеткі үйлердің іргесіне жетеді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына тұрғындардың қосқан үлесі тек шашу мен бүлдіру ғана болып тұр.
«Біз айына бір рет арнайы қоқыс төгетін орныды коммуналдық кәсіпорынның техникаларымен тазалап, жинақтап, неғұрлым әрі қарай қырып, қалыпқа келтіреміз.
Осыған әбден үйреніп алған тұрғындар апарған қоқыстарын екі аттам жерге төгіп, дым білмегендей тайып тұрады. Әсіресе, жеңіл көліктің тіркемесіне боқат тиеген адамдарда ешқандай жауапкершілік жоқ. Бұлай бола беретін болса, құзырлы органдар арқылы тексерілер жүргізіп, бейнебақылау камерасын қоямыз. Қасақана жасаған адамдарды жауапкершілікке тартып, айыппұл төлетеміз. Әйтпесе, бұл бассыздықтың тоқтайтын түрі жоқ. Коммуналдық кәсәпорынның есебінен бір адамды жұмыспен қамтып, сол жерге күзетші қылып қойдық. Әлі де тиісті шараларды қамтып, бір жүйеге келтіру жолында жұмыс істеп жатырмыз. Жергілікті полиция бөлімімен келісіп, апта сайын рейттік тексерістер жүргізіп отырамыз», – дейді аудан әкімінің орынбасары Айдаралы Талпақов.
Расында, өз – өзімізге жанымыз ашымаса, сырттан келіп ешкім біздің қоқыстарымызды тазалап, арнайы белгіленге орынға төгіп бермейді. Сондықтан өзіміз үшін жақсы іске ұмытылайық. «Тәртіпке бағынған құл болмайды».
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.