Жергілікті тұрғындардың талап тілектерін тыңдады
Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депуаттары Берік Бейсенғалиев пен Еркін Әбіл арнайы жұмыс бабымен ауданымызға келді. Халық қалаулылары алдымен табиғи апаттан зардап шеккен Тәуіш және Көлқамыс ауылының тұрғындарымен кездесті. Олардың талап тілектерін тыңдап, жаңадан салынып жатқан үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінгі күні Тәуіш ауылына 22, Көлқамыс ауылына 19 үй салынып жатыр. Бұл жаңа үйлердің құрылыстары облыс әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арасында жасалған меморандум аясында типтік жобамен салынуда. Әрбір үйдің жалпы ауданы 80 шаршы метр. Үйлердің құны шамамен 30 млн болады.
«Мен өз өмірімде мұндай су тасқынын көрген емеспін. Жергілікті ауыл ақсақалдарының айтуынша, қызыл су ауыл төңірегін үнемі айналып өтетін. Бірақ биыл жағдай басқаша болды. Су ауылымызды түгелдей басты. Волонтерлерге алғыс айтамын. Олар эвакуацияға көмектесті. Азық-түлік әкелді, заттарды орап, балаларға қарады. Қазір біз уақытша киіз үйлерде тұрып жатырмыз. Болашаққа сеніммен қараймыз, жаңа баспананы күтеміз», – дейді Көлқамыс елді мекенінің тұрғыны Темірхан Шойбасов.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әрбір мұқтаж отбасыға мемлекеттен жаңа баспана беріледі. Мәселен, Түйемойнақ және Тентексай ауылының тұрғындары Арқалық қаласынан үй алды. Әрине, қаржы мемлекет тарапынан.
«Су тасқыны кезінде біз адамдармен кездескенде, олардың көбі жатақханалар мен басқа эвакуациялық пунктерге орналастырылған еді. Қазір жағдай жақсарып келеді, зардап шеккендер өз баспаналарын алып жатыр. Колқамыста 19 отбасы 1 тамызда жаңа үйлеріне қоныстанады. Қосымша 10 соттық жер де беріледі. Жалпы Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендер үшін құрылыс және тұрғын үй сатып алу жұмыстары жаздың соңына дейін аяқталады», – деді Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
Қазақтың ұлттық ойындары – бай қазыналардың бірі (далее…)
Елге қызмет – перзенттік борыш (далее…)
Апат айтып келмейді (далее…)
This website uses cookies.