Жанкелдин ауданына көлік министрі жұмыс бабымен келді

Ұтымды ұсыныстар айтылды

Бүгін аудан орталығына Қазақстан Республикасы көлік министрі Марат Қарабаев іс сапармен келді.

Аудандық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Келудегі басты мақсатын тілге тиек етті. Көкше жерінде өткен құрылтайда мемлекет басшысы Арқалық қаласынан әуежай ашуды, Астана арқылы каспи дәлізіне күре жол салынатындығын айтқан болатын. Осыған орай елдің ұсыныс пікірін тыңдауға келген. Астана- Арқалық-Торғай- Ырғыз жолы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың тапсырмасы бойынша биыл басталу керек еді. Бірақ, көлік министрі бұл жолдың құрылысы 2026 жылы басталатындығын хабардар етті. Осы жылы Орталық- батыс жолы басталады деп қуанып отырған тұрғындардың қуанышы су сепкендей басылған сынайлы.

“Жол құрылысын бастағанда тек мұнымен шектелмейді. Ауыл шаруашылығын дамытуға да көңіл бөлеміз. Айналма жол салынады. Өңірдегі адамдар да жұмыспен қамтылады. Жергілікті жерден жұмысқа орналасамын деген адамдар арнайы білім алған дұрыс. 70 адам келешекте тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлап отырмыз. Қандай кәсіп орындарын ашқан жөн. Осы мәселені де назарға аламыз. Осы тұрғыда аудан әкіміне бірқатар тапсырмалар беремін. Жүйелі бағдарлама арқылы пайыздық несие беру жолдарын қарастырамыз”,-деді министр.

Аудан тұрғындары пікірлерін ортаға салды. Тиісті жауаптарын алды. Жиын соңынан министр тұрғындарды жеке қабылдап, пікірлерін тыңдады.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

5 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.