Қазақтың ұлттық ойындары – бай қазыналардың бірі
Аудан орталығынан щалғай орналасқан елді мекеннің бірі Шилі ауылдық округі. Ол ауылдағы халықтың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Аталған елді мекенде Қ.Жармағанбетов атындағы жалпы білім беретін мектебі бар. Мектептегі бала саны талапқа сай болмағандықтан ауыл әкімі, мектеп директоры және ауыл тұрғындары мектептің болашағы үшін тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Яғни, оңтүстік өңірлерден көп балалы отбасыларды көшіріп әкеліп, баспанамен, ірілі ұсақ малмен қамтып, қыстық жем шөп, отындарын тегін түсіріп беріп, қолдарынан келгенше жағдайларын жасап жатыр. Мектеп мұғалімдері де ізденіспен жұмыс істеп, саналы ұрпаққа сапалы білем беру үрдісін жаңғыртуда. Мәселен, мектеп алды даярлық сыныбының тәрбиешісі Динара Бекзадақызы қазақтың ұлттық ойындарының бірі асық ойынын дәріптеп, балаларға сабақ үрдісі арқылы дәріс беруде.
«Асық ойындары ұлттық ойындарының бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Осы мақсатта, мектепалды даярлық сыныбында бірқатар асық ойындары сабақ өту барысында жүзеге асырып келеміз. Баланың ептілігін арттыру мақсатында бес асық, ақыл – ойды шыңдау, ойлау жүйесін дамыту, қол маторикасын дамыту мақсатында бестемше, күш – қайрат түрлерінің қалыптастыру жолында үстел үсті асық ату ойыны, дененің шынығуына байланысты шыр, бес қадам ойындарының пайдасы зор. Асықты әр түрлі туске бояу арқылы санау кілемшесі, түстерді ажырату, сәйкестендіру жұмыстарын орындау арқылы мұғалімдердің өз қолымен жасалған дидактикалық материал ретінде жүзеге асыруға болады», – дейді даярлық сыныбының тәрбиешісі.
Жоғарыда аталған дәйектемелерді өз тәжірибесіне жиі қолданатынын тілге тиек етті. Өскелең ұрпаққа қазақтың ұлттық ойындары мен құндылықтарын сіңіруді мектеп табалдырығынан бастаса, нағыз елін сүйген патриот Тәуелсіз елдің болашағына айналады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
Елге қызмет – перзенттік борыш (далее…)
Апат айтып келмейді (далее…)
16 жыл бойы күткен жеңіс (далее…)
This website uses cookies.