Жанкелдин ауданы, Қызбел ауылдық округінде инфрақұрылым жұмсытары жүзеге асып жатыр

Тарихи той дайындығы басталды

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, Алаш зиялыларының бірі Міржақып Дулатұлының 140 жылдық тарихи тойына дайындық жұмыстары басталды.

Осыған байланысты Саға ауылында бірқатар инфрақұрылым жұмсытары қарқынды жүріп жатыр. Ауыл орталығындағы бес көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін 280 841 156,95 млн теңге бөлінген. Ауыл орталығын жарықтандыру бағытында 93 тас баған орнату үшін 20 млн теңге қаралған. Міржақып көшесіне асфальт жабындысы төсеуге 79 358 094,04 теңге берілді. Бұл көшеге былтыр замануи шарбақ орнату үшін 10 млн теңге бөлініп, мақсатты игерліген. Ал, Бидайық ауылының көшесіне замануи шарбақ орнатуға облыстық бюджеттен 10 млн теңге, Сонымен қатар, 21 тас баған қойып, көшелерді жарықтандыру үшін 5 млн теңге, ұзындығы бір шақырымдық көшеге шибін тастар төсеп, асфальт негізін салу үшін 88 752 438,88 млн теңге толығымен игеріледі.


«Тарихи тойдың маңыздылығы өте зор. Міржақып атамыздың 140 жылдық тойы аудан орталығында өтеді деп қарап отыруға болмайды. Облыс әкімінің қолдауымен Саға мен Бидайық ауылына көптеген қаржы бөлінді. Инфрақұрылым жұмыстарын жасауға. Сондықтан біз құрылыс жұмсытарының сапасына мән беріп, мердігерлермен күнде келіссөз жүргізіп отырмыз. Алаш тұлғасының кесені мен тарихи мұражайы Бидайық ауылында болғандықтан келімді кетімді қонақтар атамыздың рухына тағзым жасау үшін келеді. Сол себепті Тоқай мен Саға ауылының ортасындағы көтерме жол қайта қалыпта келтіріліп жатыр. Біз үшін жолдың дұрыстығы және ауылдың тазалығы маңызды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауыл орталығына, саябақтарға абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмсытар күз айына дейін жалғасын табады», – дейді Қызбел ауылдық округінің әкімі Қайсар Нұрғазин.

Бидайық ауылындағы Міржақып Дулатұлының кесенесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тарихи мұражайына реэкспозиция жасалды. Ауылдағы ұялы байланыс сапасы жақсарып, мобильді интернет желісі қолданысқа енгізілді. Атамыздың тойының шарапаты тиіп, ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуы ілгерлеп келеді. Дәл осындай инфрақұрылым жұмсытары алдағы жылы да жалғасын тапса жақсы болар еді. Тек тарихи тоймен шектеліп қалмай.

Байбатыр АХМЕТБЕК
Суретті түсірген:Ақайын СӘЛІМГЕРЕЙҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

This website uses cookies.