Себебі әлі белгісіз
Тәуіш ауылындағы “Татыр” көлінде өлген балықтар жағаға шығып жатыр”,-деп ауыл тұрғындары дабыл қақты. Мұның себебі әлі белгісіз. Осыдан 4-5 жыл бұрын Торғай өзеніндегі балықтар қырылып жағаға шығып қалған еді. Ол уақытта мұз ерімегендіктен ауа жетпей өлді деген болжам айтылған болатын. Ал, көктем айында балықтың қырылуына не себеп.
“Салт аптпен жоқ іздеп жүріп, Татыр көлінің жағасында ағарған көріп бардым. Жақындай бергенде аңғардым. Ақ балық, алабұға балықтары өліп, жағаға шығып қалған екен. Көл сасып, иістенді дейін десем, былтыр ғана су келіп, көлді тазалады. Ауа райына да кінә таға алмаймыз. Су астындағы балыққа ауа райы әсер етуі мүмкін бе? Ауыл тұрғындары әртүрлі болжам айтады. Енді бірі ақырзаманның белгісі деп бөсіді. Мұның себебін анықтау үшін арнайы мамандар шақыру керек’,- дейді жоқ іздеуші ауыл тұрғыны.
Балықтардың қырылуына не себеп болғанын, кейін анықтап, жариялайтын боламыз.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)
Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…
This website uses cookies.