Жанкелдин ауданы, Сужарған ауылды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Ауылдың сәні – елдің берекесі

Өткен жылы аталмыш ауылдағы Байтемір көшесін өзгерту туралы облыстық ономастикалық комиссияға ұсынылған болатын.
Облыстық ономастикалық комиссиясының келісіміне орай ауыл әкімінің 2023 жылдың 24 шілдесі номері 7 шешіміне сәйкес, Бәйтемір көшесіне соғыс ардагері, алғашқы Речной (қазіргі Сужарған ауылы) совхозының директоры болған Ғабдікен Манановтың есімі берілді.

Ғабдікен Манановтың ұрпақтары оның ішінде Нұрғалиевтар отбасы кеше ғана дүниеден өткен сенат депутаты болған Жеңіс Нұрғалиев бастаған және оның бауырларының қолдауымен аталарына берілген көшеге ауылға сән беріп тұру үшін еврошарбақ орнатып берді.

– Қазіргі күні жұмыс толық аяқталды. Тек әрлеу жұмыстары жартылай істеліп, ауа-райының суытуына байланысты тоқтап тұр. Бұл жұмыстарды ауыл тұрғындары Орынбасар Искаков, Рамазан Сапар және әкімшілік қызметкрелері Жанат Мұқатов, Қанат Мұқатов, Бағдат Айсағалиев, Айдарбек Елшібеков, Даулет Мекебай, Алтынбек Әшім, Олжас Нұрмұхамед, Алтай Өміржан, Айдын Мұқатов, Асылан Базарбай өздерінің үлестерін қосып, көше шарбақтарын орнатты. Ғабдікен Манановтың және ұрпақтарына Нұрғалиевтер отбасына Сужарған ауылы тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін», – дейді ауыл әкімі Берік Әубәкіров.

Әр азамат өзінің туған жеріне көңіл бөліп, қолынан келген істі жасаса, ауылдың ажары нұрланып, елдің мерейі өседі.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.