Жанкелдин ауданы, Шилі ауылдық оругінде дала өрті елдің үрейін ұшырды

Азаматтардың арқасы

Өткен аптада Сужарған ауылынан 60 шақырым жерде орналасқан «АБК Кенесары» және «Мұзаффар» шаруа қожалықтарының шабындық пен жайылымдық жерлерін дала өртінен қорғау бойынша жұмыстар атқарылды. Мәселен, соқа тіркеген екі трактор жерді қопарып, қорғаныс жолақтарын жүргізген. Оның сыртында 10 адам жұмылдырылған.

«Елдің бірлігі қысылтаяң сәтте керек екені белгілігі. Тілсіз жаудың алдын алу үшін қорғаныс керек. Осы орайда ауыл азаматтары бірліктерін таныта білді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Асылбек Ахметжанов пен «Райымбек» шаруа қожалығының басшысы Мейрамбек Әшімұлына ауыл әкімшілігі атынан ризашылығымды білдіремін», – деді ауыл әкімі Досбол Тайшыбек.

Көмек қолын созған азаматтарға аудан басшылығы да өз алғыстарын айтты.

«Екі күннен бері Шилі ауылдық округінде болған өртті ауыздықтауға атсалысқан Сужарған ауылының шаруа қожалықтары мен азаматтарына ризамыз. Тілсіз жауға қарсы тұрып, белең алуына жол берген жоқ. Түні бойы өртпен арпалысып, күш жігерлерін жұмсады. 2 трактор соқасымен, 2 жеңіл көліктерімен 14 адам көмектесіп, таңға дейін өртті сөндірді. ДЧС техникалары келгеннен кейін олар «Бөренөткел» жанындағы жерді соқамен қопару (опашка) жұмыстарын жасады. Осы жұмыстарды ұйымдастырған Сужарған ауылы әкіміне және көмекке келушілерге үлкен рахмет. Міне азамат, міне тұлға, елдің қамын ойлайтын. Халық арасында абыройлары артып, қызметте өсе бер», – деп тілектестігін білдіріді аудан әкімінің орынбасары Рауыл Қосқолов.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Жанкелдин ауданында тарихи мерейтойдың уақыты белгілі болды

Тұлға рухына тағзым М.Дулатұлының 140 жылдық мерей тойына арналған негізгі іс шаралар 20-21 қыркүйек күні…

1 неделя ago

Жанкелдин ауданында тазалық жұмыстарына мән берілуде

Ұжымдық сенбілік Жанкелдин ауданыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық…

1 неделя ago

This website uses cookies.