Жанкелдин ауданы Ш.Уәлиханов мектебінің оқушылары республикалық байқауға жолдама алды

Жас актерлар үздік атанды

Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Республикалық «Әбіш оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткен болатын. Байқауға төрт номинация бойынша 33 оқушы қатысып бақ сынады. Әр номинация бойынша үздік танылған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды. Соның бірі «Сахналық қойылым» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9сынып оқушылары. Олар Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының желісінен алынған үзінді қойып жоғарғы ұпайды иеленген болатын. Сахнада өздерін еркін ұстай білуі, әртістік қабілеттерінің жоғары екенін облыстық кезеңде де дәлелдеген оқушылар Республикалық кезеңде өнер көрсететін болады. Сахналау барысында кейіпкерлерін жан дүниесін терең түсініп, көрерменге әсерлі жеткізе білді. Әртістік қабілеттері, эмоцияны жеткізу шеберлігі мен сахна мәдениеті әділ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Осылайша, ауданның, облыстың үздік сахналық қойылым номинациясының иегерлері мамыр айында Маңғыстау төрінде өнер көрсетпек. Бұл жеңіс – оқушылардың шығармашылық ізденісі мен еңбегінің, жетекші ұстазы Гульфайрус Абайқызының кәсіби шеберлігінің нәтижесі.

Жеңімпаздар өздерін республикалық кезеңде тағы бір мәрте дәлелдейтініне сенім білдіре отырып, оқушыларға сәттілік тілейміз.

Аталған байқау дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп отырады. Байқаудың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау, мектеп оқушыларының шығармашылық қабылеттерін дамыту.Сонымен қатар әр бір оқушының поэзия мен прозаға деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Оқушыларды әдебиетке жақын ететін байқаулар жиі ұйымдастырылып отыруыныңда пайдасы өте жоғары. Бұл бір жағы баланың қызығушылығын оятатын болса, енді бір жағымды тұсы бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал жасау.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.