Ауылда ауқымды құрылыс басталды
Соңғы жылдары барлық ауыл, ауылдық округтерде инфрақұрылым жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Мемлекеттің қолдауымен бірқатар ауылдардың ажары кірді. Облыстық, аудандық бюджеттерден қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Оның сыртында ауыл тумаларының демеушілігімен де спорттық және балалар ойын алаңдары салынды. Әсіресе, Саға ауылында дәл осы ақуымды жұмыстар күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Мәселен, аудан әкімінің қолдауымен ауылдық клубқа жөндеу жұмыстары басталды.
«Ауылдық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу (кровли, фасад) жүргізуге облыстық бюджеттен 6 млн бөлінді. Аталған жұмысты «Satti-SK Group» ЖСШ ұтып алды. Басшысы Жантілесов Самат Қанахатұлы. Клубтың сыртқы темір есігі ауыстырылып, бөлмелеріне 60*60 кафель төселді. Төбесі профлистпен жабылып, сыртқы қабырғаларына 50 мм минвата және металосайдингпен қаптап жатыр», -дейді ауыл әкімі Қайсар Нұрғазин.
Сондай – ақ, ауылдық клубқа құны 478900 теңге тұратын 60 дана орындық және 564000 теңгеге музыкалық аппарат сатып алды. Бұл біріншіден ауыл тұрғындарының қолайлы өмір сүруін тікелей септігін тигідзеді.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)
Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…
This website uses cookies.