Жанкелдин ауданы бойынша қызылша ауруы тіркелген жоқ

Қазіргі таңда Жанкелдин ауданы бойынша қызылша ауруы тіркелген жоқ.

Аудан тұрғындарының вакцинацияға деген көзқарасы жалпы алғанда оң. Дегенмен, антивакцинацияны қолдайтын адамдардың саны жыл сайын артып келе жатқаны байқалады. Осыған байланысты медицина қызметкерлері халық арасында түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл туралы Жанкелдин аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Мөлдір Райымбекова мәлімдеді.

Оның айтуынша, былтыр және биыл қызылша, қызамық және паротитке (ҚҚП) қарсы вакцинациялау көрсеткіштері төмендегідей: 2025 жылы 1 жастағы балалар – 135 бала, қамту деңгейі 100%, 6 жастағы балалар – 147 бала, қамту деңгейі 98%. 2026 жылы 1 жастағы балалар – 15 бала, 6 жастағы балалар – 7 бала.

Қызылша – өте жұқпалы вирустық инфекциялардың бірі. Ауру ауа-тамшы жолымен таралады және вирус ауада немесе түрлі беттерде бірнеше сағат бойы сақталуы мүмкін. Инфекция жұққаннан кейін алғашқы белгілер 8-12 күн аралығында пайда болады.
Олар дене қызуының 40–40,5°С-қа дейін көтерілуі, тұмауға ұқсас белгілер, көздің қызаруы, ауыз қуысының шырышты қабатында ұсақ ақ дақтардың пайда болуы.

Бірнеше күннен кейін бөртпе алдымен бет пен мойынның жоғарғы бөлігінде шығып, кейін бүкіл денеге таралады.

Мөлдір Райымбекованың айтуынша, науқастардың шамамен төрттен бірінде қызылша ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Әсіресе балалар арасында жиі кездесетін асқынуларға мыналар жатады: соқырлық, энцефалит, ауыр диарея, құлақ инфекциялары, пневмония, жүрек ақаулары, есту қабілетінің төмендеуі немесе саңыраулық.

Қызылшаның ең қауіпті асқынуы – жеделденген склерозданған панэнцефалит. Бұл ауруда вирус миды зақымдап, айлар немесе жылдар өткен соң физикалық және психикалық деградацияға, мүгедектікке алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, қызылша иммундық жүйенің «жадын өшіріп», ағзаны бұрын ауырған инфекцияларға қайтадан осал етеді.

Мамандардың айтуынша, қызылшаның және оның ауыр асқынуларының алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Сондықтан дәрігерлер ата-аналарды балаларын уақытында екпеден өткізуге және жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ
Фото кейіпкердің өзінен алынды

Редактор

Recent Posts

Жанкелдин ауданында алты елді мекеннің 23 көшесі жөнделді

2025 жылы 123,4 шақырым (31%) аудандық маңыздылығы бар автомобиль жолына және 13,66 шақырым көшеге (6…

18 часов ago

Жанкелдин ауданында киікті заңсыз аулау дерегін анықтады

Жангелдин ауданында полиция қызметкерлері киікті заңсыз аулау фактісін анықтады. (далее…)

2 дня ago

Торғайда өрт сөндіру депосы және үш ауылда ФАП салынады

Жангелдин ауданы 2025 жылды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша қорытындыланып, алдағы жылда атқаратын жұмыс жоспары бекітілді. (далее…)

3 дня ago

125 жылдық ұстаздық өтілі бар әулет Торғайда тұрады

Торғайда тұратын Хамитовтар отбасын нағыз ұстаздар әулеті деп атай аламыз. (далее…)

3 дня ago

Торғайдың Қызбелінде өткен тағылымды кеш Сейіт Кенжеахметұлына арналды

Жангелдин ауданының Қызбел ауылдық округінің орталығы Саға ауылында «Ауыл және мәдениет» жобасы аясында белгілі жазушы,…

4 дня ago

Былтыр Торғайда бес кәсіпкерлік нысан іске қосылды

Өткен жылы Жангелдин ауданында инвестиция салумен 5 жаңа кәсіпкерлік нысаны іске қосылды, инвестиция көлемі -…

5 дней ago

This website uses cookies.