Ақынын ардақтаған ел озадыАудандық мәдениет бөлімінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл және Мәдениет» жобасы Қалам – Қарасу ауылдық округінде жалғасын тапты.
Журналист, публицист, Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қаламгер Ғафу Қайырбековтың құрметіне арналған «Дәуір үні» атты поэзия кеші өтті.
Ғ.Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Қанат Әбдіғалиұлы ақын жайында баяндама жасап, шығармашылығы мен өмір жолдарына тоқталды.
«Ғафу Қайырбеков 1928 жылы 15 тамызда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы Торғай кентінде дүниеге келген, сатирик ақын. Арғын тайпасының Айдерке руынан шыққан. 1952 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды. «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды. 1968-1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті. 1973-1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды», – деді баяндама барасында.
Ауыл өнерпаздары көрермендер көңілінен шығып, киелі сахнаны ән мен жырға бөледі. Аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов пен мәдениет бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы кеш жайында ойларын айтып, өнерпаздарды аудан әкімінің және мәдениет бөлімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген: автор
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
Қазақтың ұлттық ойындары – бай қазыналардың бірі (далее…)
Елге қызмет – перзенттік борыш (далее…)
Апат айтып келмейді (далее…)
This website uses cookies.