Жангелдиндегі әр үшінші қылмыс – мал ұрлығы

Өңіріміз мал ұрлығы жөнінен де «қызыл аймаққа» еніпті.

Былтыр Облыс көлемінде осындай 28 қылмыс тіркелген. Ұзын саны 133 бас ұрланып, олардың алпысы ғана иесіне қайтарылыпты. Арқалық, Амангелді және Жангелдиндегі әр үшінші қылмыс – мал ұрлығы. Бұл туралы облыс орталығында өткен «Заң мен тәртіп» аясында өткен ауқымды жиында көтерілді. Мал ұрлығының басты себептерін Облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин былай деп түсіндірді:
«Ауылдық жерлерде профилактикалық жұмыстар мардымсыз жүргізіледі. Көптеген шаруа қожалығы аумағында бейнебақылау камералары жоқ. Мал бағымы ұйымдастырылмаған. Барлық дерлік өңірде малшы жалдау мәселеге айналған. «Әкімдік-халық-бақташы» тізбегімен үшжақты келісім жасалмайды. Былтыр бақылаусыз жайылымдардан мал ұрлаудың 17 дерегі тіркелді. Бір айта кетерлігі, көп жағдайда сәйкестендіру жүйесіне тіркелмеген малдар ұрланады. Былтыр болған ұрлықтардың 13-і осыны айғақтап берді. Бұған мал иесінің жауапсыздығы және жергілікті ветеринарлық қызметтің тек жас төлді чиптейтіні себепші болып жатады, – дейді ол.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сою нысандарының жетіспеушілігі де мәселеге айналып отыр. Тіркеудегі саны – 18. Бұл өте аз. Мал сою пункті Ұзынкөл, Меңдіқара, Денисов, Амангелді аудандарымен қатар Жанкелдинде де жоқ. Тәжірибе көрсеткендей, аулада сойылған мал еті заңсыз тасымалданып, құжатсыз сатылып, қауіпсіздігі тексерілмей, сауда сөрелеріне түседі. Таяуда ғана осындай бес ереже бұзушылық анықталған.
Облыстың бас полицейі  мәлімдегендей, малды қараусыз қалдыру кесірінен ұрлық көбейгенімен қоймай, жол үстіндегі оқыс жағдайларға ұрындырып жатады. Былтыр иесіз жүрген мал 11 жол апатына себепші болған. Салдарынан екі жолаушы көз жұмып, 16 адам ауыр жарақат алды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Редактор

Recent Posts

Торғай төрінде ұлттық спорт ұлықталды

Қазақ күресінің әдіс-тәсілдері көрсетілді. (далее…)

17 часов ago

Торғайда кілем тоқуды серігіне айналдырған Қарлығаш апа

Торғай топырағында ұлттық өнердің тамырын тереңге жайып, оны бүгінгі ұрпаққа аман жеткізіп отырған аяулы жандар…

1 день ago

Ақынын әкімі ардақтаған ел бақытты

Жерлесіміз Серік Тұрғынбекұлы – 80 жаста! (далее…)

2 дня ago

Әлемнің мәні – әйелде Торғайда өткен ашық диалог

Қоғамның өркендеуі – ең алдымен отбасының беріктігінен басталады. (далее…)

3 дня ago

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

6 дней ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.