Торғай төрінде ұлттық спорт ұлықталды

Қазақ күресінің әдіс-тәсілдері көрсетілді.

Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері клубының басшысы Мылтықбай Әбдуаитов қасиетті Торғай өңіріне арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ұлттық спортты дамыту, жергілікті спорт мамандарымен тәжірибе алмасу және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытында бірқатар іс-шара өткізді.

Іссапардың сәтті жүзеге асуына Жангелдин аудандық полиция бөлімінің бастығы Айбат Әбдір қолдау көрсетті. Кездесу барысында ұлттық спорттың елдік рухты қалыптастырудағы маңызы сөз болып, алдағы бірлескен жобалар талқыланды.

Сапар аясында аудан әкімінің орынбасары Рауль Халыққа былтыр өткен Ұлы Дала жорығы мен көкпар спортына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріліп, арнайы төсбелгі табыс етілді.

Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінде қазақ күресінен бір күндік оқу-жаттығу сабағы ұйымдастырылды. Шара барысында қызметкерлерге ұлттық күрестің әдіс-тәсілдері көрсетіліп, спорттың тәртіп пен табандылықты қалыптастырудағы рөлі түсіндірілді.

Жангелдин ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Қызылбай Әділбековке Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған қазақ күресі турнирін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Тобыл-Торғай тарландары» федерациясының төсбелгісі табыс етілді.

Сондай-ақ тәжірибелі бапкер Әділбек Молдағасимов ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталып, иығына шапан жабылды.

Іс-шара соңында полиция қызметкерлеріне қазақ күресі және самбо күресіне арналған кимоно үлестіріліп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.
Ұлттық спортты өңірлерде кеңінен насихаттау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ
Суреттерді түсірген – Тұрсын Сейткерей

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.