Жангелдин ауданының жорықшылары баба ізін жалғап, жаяу саяхатқа шықты

Саға ауылынан шыққан қос жорықшы 1200 шақырымды жаяу жүріп, көршілес Ақтөбе облысының Қандыағаш ауылынан асты

Өтей батыр ұрпақтары баба ізін жалғап, жаяу саяхатқа шыққалы бір айдың жүзі болды. Олар қазан айының соңғы жұмасында Сағашилі (Покровка) ауылына келіп, ұялы телефон арқылы байланысқа шыққан. Аталған ауылдың ұлттық спорт федерациясының мүшелері күтіп алған. Қазақы дәстүр сарынымен дастархан жайып, қонақжайлылықтарын танытқан. Ауыл тұрғындарымен әңгіме өрбітіп, елдің тұрмыс – тіршілігімен хабардар болды. Артынша, Темір, Қопа ауылдарының үстінен басып өтіп, Шұбарқұдық станциясына жетіпті.

– Ендігі бағытымыз Ойыл ауылы. Шұбарқұдық пен Ойылдың аралығында Алтықарасу деген ірі елді – мекен бар. Қалған уақытта елсіз жоталы даламен сырласып межелі жерге баруымызға тура келіп тұр. Аллаға шүкір қараша айы жылы. Аспанда күн нұрланып, жылуын жер бетіне шашып тұр. Сапар барысында қандай қиындық болса да шыдап бағамыз. Себебі, ата-бабамыздың жүріп өткен жолымен жүріп өту – біздің ең басты мақсатымыз. Сонымен қатар, қызықты оқиғаларды, әрбір елдің ерекше сый құрметін ұялы телефонымызға түсіріп жүрміз. Бұл келешекте тарих беттеріне жазылады. Ол әрине алдағы уақыттың еншісінде. Тек аман – есен туған жерімізге жетсек болды, – дейді Сәттібек Ысмайлов.

Бір апта бұрын 800 шақырымды артқа тастап, Ойыл ауылына үш күн жүріп жеткен. Яғни 138 шақырым қашықтықты бағындырған. Біз жаяу жорықшылар туралы хабарды уақытылы жеткізіп отырмыз.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Кого освободят от сдачи декларации в 2025 году?

Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)

5 дней ago

This website uses cookies.