Жангелдин ауданының Торғай мұражайлар кешеніне жаңа автокөлік сыйға тартты

Ұжымның елеулі еңбегі

Өткен аптада киелі Торғай өңірінде қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, ақын, жазушы, публицист Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерей тойы кең көлемде аталып өтілді. Бірнеше айға созылған дайындық өз мәресіне жетіп, дүбірлі той жоғары деңгейде өтті. Аталмыш той күні халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесі бастау алып, Арқалық өңірінде күні кеше қорытындыланды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аталмыш марафон бәйгесінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. Сонымен қатар, шара барысында Алаш арыстарын дәріптеу жолында тынбай еңбек етіп жүрген, «Жангелдин ауданының Торғай мұражайлар кешені» мемлекеттік мекемесіне қызметтік автокөлік сыйға тартты. Автокөлік кілті Торғай Мұражайлар кешенінің директоры Гүлбану Сарсекейге арнай табыс етілді.

«Биылғы жыл еліміз үшін ерекше жыл болды. Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының мерейтойын атап өтті. Республикалық деңгейдегі іс-шаралармен айшықталған той өте жоғары деңгейде көрініс тапты. Еліміз үшін, оның ішінде ұлт асылының кіндік қаны тамған Торғай жері үшін, әсіресе Торғай музейлер кешені үшін өте елеулі іс. Ахмет пен Міржақыптың әдеби музейіндегі жәдігерлерді арқау етіп, Міржақып Дулатұлының мерейтойына жыл бойы жұмыс істедік. Жалпы музей ұжымының істеп жатқан жұмысына баға беріп облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың қолынан темір тұлпардың кілтін алып жатқанымызға зор қуаныштымыз. Облыс басшысына, оның орынбасарларына, мәдениет басқармаларының басшыларына үлкен алғысымызды білдіреміз», –дейді Торғай музейлер кешенінің басшысы Гүлбану Сәрсекей.

Гүлбану Құлетқызының еңбегін ерекше атап өтуге болады. 35 жыл жасаған еңбегі бағаланып бірқатар жоғарғы марапаттарды иеленді, оның ішінде Ел Президенті қолынан медаль алып жұмысы жоғары деңгейде бағаланды. Кешегі өткен дүбірлі тойда Міржақып Дулатұлының жиен немерелері 140 жылдық медаль тақса, облыс әкімі алғыс хат табыстап, Торғайлық жерлестері ат мінгізіп құрмет білдірді. Бұл құрметтің бәрі Торғай қызының осы уақытқа дейін туған жер перзенттерін жоғары деңгейде дәріптеп, елдегі мұражайдың көркейіп, кеңейуі жолында жасап келе жатқан еңбегінің жемісі.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Сурет: Мұражай сайтынан алынды

Редактор

Recent Posts

Жанкелдин ауданының Сужарған ауылында ауқымды жұмыстар атқарылуда

Елді мекеннің әлеуметтік – экономикалық дамуы ілгерлеп келеді  Ауданнан 25 шақырым жерде орналасқан Сужарған ауылының…

2 недели ago

This website uses cookies.