Жангелдин ауданының өнер адамдары ұлттық тағам дайындау тәсілдерін насихаттады

Аудан көлеміндегі мерекелік шараларға белсенділік танытып, өнер сүйер қауымға рухани демалыс сыйлатын ол өнер адамдары

Себебі, оларсыз мерекенің сәні болмайды. Біз әртістер тек сахнаның иесі деп топшылаймыз. Бірақ, өнер иелерінің қолынан басқа да істер келетінін бірі білсе, бірі біле бермейді. Өнер адамдарының аспаздық шеберліктерін көзбен көріп, таңдай қақтық. Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық тағам – Ұлт мақтанышы» атты керемет іс – шараға куә болдық.

Қазақ халқы қашанда баладай көңілмен, даладай дастархан жайып мейманына ерекше құрмет көрсеткен. Осы салт – дәстүрді қайта жаңғыртқан мәдениет үйінің қыметкерлері ақ шаңқай түсте киіз үй тігіп, мерекенің мәнін ашты. Сары самаурын қайнап, жер ошақтағы қара қазанда жеті түрлі тағам қосылған Наурыз көже пісіп жатты. Қазақы камзол киіп, бастарына ақ шәлі таққан әжелеріміз, шапан мен бөркі бар аталарымыз киіз үй ішіндегі тағамдардан дәм татты. Ал, мәдениет үйінің кіреберісінде қазақ халқының ұлттық тағамдары үстел үстінде самсап тұрды. Мерекені тамашалауға келген тұрғындарға олардың жасалу жолдарымен танысты. Ауыл, ауылдық округтерден келген клуб меңгерушілері нағыз аспаздық өнерді мығым меңгерген екен. Көрермендерге сахнада ұлттық тағамдардың таныстырылымы болды.

– Біз әрбір мерекені есте қаларлықтай өткізуге міндеттіміз. Мерекелік шаралардан тыс жергілікті халыққа қызмет жасау біздің ең басты қағидамыз. Ауа – райының қолайсыздығы сәл кедергі жасады. Әйтпесе, бұл шараны кең көлемде ұйымдастырып, орталық алаңда жасаймыз деп ойладық. Күн салқын болғандықтан осылай жасауға тура келді. Наурыз мейрамына арналған жұмыс жоспарымыз бар. Соған байланысты қазіргі таңда дайындық жұмыстарын пысықтап жатырмыз. Бұл әзірге бастамасы. Бүгінгі шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан клуб меңгерушілеріне алғысымды білдіремін. Дәл осылай бірлесіп жұмыс жасасақ, аудан мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қоса аламыз, – дейді мәдениет үйінің директоры Гүлзат Хамзина.

Ия, аудандағы мәдениет саласының дамуына тек өнер адамдары ғана емес, барлығымызда үлес қосуға борыштымыз. Жұмылып жұдырық болсақ, алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.