Жангелдин ауданында «Жақсылық жаса» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған іс-шаралар тұжырымдамасы негізінде аудан көлемінде игілікті істер жүзеге асып жатыр

Мақсатты топтың негізгі бағыты көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беру. Осы орайда ауданымыздағы ерікті жастар «Жақсылық жаса» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Олар Ғ. Қайырбеков көшесінің тұрғыны, жалғыз басты ана, зейнеткер Несібелді Құлмағанбетованың шаңырағына барып, хал – жағдайын білді. Қарт ананың күнделікті күйбен тіршілігімен танысты. Артынша, азық – түлік салған қағаз жәшікке тапсырды. Қасиетті Рамазан айында жақсылық жасасаңыз еселеп қайтады.

– Бұл акция көп жылдардан бері көп балалы, аз қамтылған және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету мақсатында жұмыс істеп келеді. Азық-түлік тарату, ақша жинау, заттар мен бірінші қажеттіліктерді қамту міндеттемелерін жоспарға енгізіп отырмыз. Әр отбасындағы қариялар мен балалар біздің жылуымыз бен қамқорлығымызға бөлену үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, – дейді еріктілер ұйымы.

Гүлжан БӨЛЕГЕН

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.