Жангелдин ауданында көмір бағасы неге қымбат деп тұрғындар мәселе көтеріп жатыр

Қарапайым халықпен санаспай ма?

Көмір бағасына көңіл толмай тұр. Әлі күн суыта қойған жоқ. Бірақ, неге екені белгісіз 1 тонна көмірдің бағасы 27 мың теңге. Кезінде Арқалық – Шұбаркөл арасына теміржол салынғанда халық бөрігін аспанға атып, қатты қуанды. Себебі, көмір бағасы арзандап, Арқалық қаласынан тасымалданады деген үміт болды. Кейінгі жылдары вагон арқылы келетін көмірдің сапасы күрт төмендеп кетті. Камаз автокөлігі бар жеке кәсіпкерлер Шұбаркөлден көмір тасып жатыр. Жердің шалғайлығынан көмір бағасы өсіп жатқан шығар. Қазір жанар – жағармай бағасы да шарықтап тұр. Десекте, қарапайым халықпен санасқанның еш артықшылығы болмас еді. Тұрақты жұмысы бар адамдар қымбатшылықты елей қоймас. Ал, жұмыссыз, мемлекет тарапынан балаға берілетін жәрдемақымен күнелтіп отырған отбасыларға оңай тимесі анық. Отын су мен киімге жұмасаса, азық – түлікке жетпейді. Оның сыртында қысқы мал азығы бар. От пен судың ортасында қалмаса да, басына тартса, аяғына жетпейтін қысқа көрпедей азғантай ақшаны қай жағына жеткізерін білмей отырған отбасылардың тағдырына кім алаңдайды.

«Ауа – райы жылы. Жерде қар жоқ. Көмір бағасы қымбаттап кетті. Қадағалайтын мекемелер жоқ па? Бағада шектеу болу керек? Камазисттер халықпен неге санаспайды? Айлығы – шайлығына жетпейтін отбасылар бар. Олар бір қысқа жоқ деген де 7 тонна көмір алады. Аудан көлемінде айына 189 мың теңге кіріс кіретін отбасылар саусақпен санарлықтай ғана. Жердің шалғайлығын, жанармайдың қымбаттылығын алға тартпай, халықпен санасса, ағайынның ақ батасын алар еді», – дейді аудан тұрғындары.

Коммуналдық кәсіпорын мекемесінде бір ғана камаз бар. Жергілікті билік жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға арзан бағада қысқы отындарын түсіріп береді. Қысылғанға көмек қолын созу барша адамдардың азаматтық борышы деп білемін. Желтоқсанның ақ түтек бораны, қаңтар айының сақылдаған сары аязы бір бүйірден қысқанда, көмір бағасы 30 мың деп тұрса, ағарған самайдың шашы түсіп, айнаға қарайтын бет қалмас.

Байбатыр АХМЕТБЕК
Суретті түсірген: автор

Редактор

Recent Posts

Торғайда 1389 мал иесінің 972-і «TortTulik» қосымшасына енген

Цифрландыру ауыл шаруашылығы саласына да дендеп еніп келеді. (далее…)

14 часов ago

Тартысты ойын Студенттер арасында шағын футболдан ашық біріншілік өтті

Торғай ауылында 2026 жылғы 8-9 қаңтарда студенттердің демалысын тиімді пайдалану мақсатында шағын футболдан аудандық ашық…

19 часов ago

Жангелдин ауданында жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға мердігерлер дайын

Жангелдин ауданында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жазғы және қысқы күтіп-ұстауға арналған тендерлер 2025 жылғы…

2 дня ago

«Кел, балалар, оқылық!» Торғайда алғашқы халық мектебі осыдан 162 жыл бұрын ашылған

Ашылған күніне орай Н. Г. Иванов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін бұрын осы…

3 дня ago

«Костанай Медиа» благодарит сотрудников ДЧС за спасение журналистов, у которых в дороге сломалась машина

Сотрудники УЧС Амангельдинского района выехали на помощь и доставили журналистов в село Амангельды. (далее…)

3 дня ago

Марсианские хроники: чем удивил опытную казахстанскую путешественницу юг Костанайской области?

Меловые горы Акжар расположены на границе Джангельдинского района и области Улытау и славятся своей колоритностью.…

4 дня ago

This website uses cookies.