Жангелдин ауданында көмір бағасы неге қымбат деп тұрғындар мәселе көтеріп жатыр

Қарапайым халықпен санаспай ма?

Көмір бағасына көңіл толмай тұр. Әлі күн суыта қойған жоқ. Бірақ, неге екені белгісіз 1 тонна көмірдің бағасы 27 мың теңге. Кезінде Арқалық – Шұбаркөл арасына теміржол салынғанда халық бөрігін аспанға атып, қатты қуанды. Себебі, көмір бағасы арзандап, Арқалық қаласынан тасымалданады деген үміт болды. Кейінгі жылдары вагон арқылы келетін көмірдің сапасы күрт төмендеп кетті. Камаз автокөлігі бар жеке кәсіпкерлер Шұбаркөлден көмір тасып жатыр. Жердің шалғайлығынан көмір бағасы өсіп жатқан шығар. Қазір жанар – жағармай бағасы да шарықтап тұр. Десекте, қарапайым халықпен санасқанның еш артықшылығы болмас еді. Тұрақты жұмысы бар адамдар қымбатшылықты елей қоймас. Ал, жұмыссыз, мемлекет тарапынан балаға берілетін жәрдемақымен күнелтіп отырған отбасыларға оңай тимесі анық. Отын су мен киімге жұмасаса, азық – түлікке жетпейді. Оның сыртында қысқы мал азығы бар. От пен судың ортасында қалмаса да, басына тартса, аяғына жетпейтін қысқа көрпедей азғантай ақшаны қай жағына жеткізерін білмей отырған отбасылардың тағдырына кім алаңдайды.

«Ауа – райы жылы. Жерде қар жоқ. Көмір бағасы қымбаттап кетті. Қадағалайтын мекемелер жоқ па? Бағада шектеу болу керек? Камазисттер халықпен неге санаспайды? Айлығы – шайлығына жетпейтін отбасылар бар. Олар бір қысқа жоқ деген де 7 тонна көмір алады. Аудан көлемінде айына 189 мың теңге кіріс кіретін отбасылар саусақпен санарлықтай ғана. Жердің шалғайлығын, жанармайдың қымбаттылығын алға тартпай, халықпен санасса, ағайынның ақ батасын алар еді», – дейді аудан тұрғындары.

Коммуналдық кәсіпорын мекемесінде бір ғана камаз бар. Жергілікті билік жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға арзан бағада қысқы отындарын түсіріп береді. Қысылғанға көмек қолын созу барша адамдардың азаматтық борышы деп білемін. Желтоқсанның ақ түтек бораны, қаңтар айының сақылдаған сары аязы бір бүйірден қысқанда, көмір бағасы 30 мың деп тұрса, ағарған самайдың шашы түсіп, айнаға қарайтын бет қалмас.

Байбатыр АХМЕТБЕК
Суретті түсірген: автор

Редактор

Recent Posts

Торғайда тазалыққа үндеген игі іс

«Тазару күніне» орай аудан тұрғындары игі іске жұмылды (далее…)

3 дня ago

Торғайда Ұлыстың ұлы күні тойланды

Тұрғындар ұлттық тағамдар мен киіз үйлер көрмесі арқылы мерекенің көрігін қыздыра түсті (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ақкөл ауылы Наурызды бұрынғының салтымен қарсы алды

Киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды (далее…)

4 дня ago

Ауылдан – сахнаға: Торғайдан өркен жайған талант

Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)

1 неделя ago

Торғай төріндегі үлгілі әулет

Ұрпаққа өнеге болған Қабден Ерәділовтің еңбекке толы өмірі. (далее…)

1 неделя ago

Торғайдың Ақкөлі табиғи әлеуеті зор ауылда туризм дамымай отыр

Жанкелдин ауданының шалғайындағы Ақкөл ауылы – табиғи ресурстарға бай, алайда сол байлықты толық пайдалана алмай…

2 недели ago

This website uses cookies.