Жангелдин ауданында екі оқушы «Елбасы медалінің» жеңімпаздары

Ұстаздар үмітін ақтаған оқушылар ел мерейін көтерді

«Елбасы Медалі» жобасының негізінде талантты әрі белсенді жастарды қолдау мақсатында ұсынған «Ел үміті» бастамасының аясында қолға алынған аталмыш жоба күні бүгінге дейін жалғасып келеді.

Жалпы бұл жобаның басты мақсаты өскелең жас ұрпақтың қоғам мен мемлекет өміріне белсене атсалысуына, өз қабілеттерін ашуға көмектесу. Осы аталмыш жобаға біздің аудан мектептерінен дарынды оқушылар қатысып, бақтарын сынады. Мәселен, Қ.Жармағанбетов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Гүлсая Ибрагим және Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Тоғжан Қасымова «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары деп танылып, «Қола медаль» иегерлері атанды. Аудан әкімі Шота Оспанов мәдениет үйінде өткен шара барысында салтанатты түрде табыстады.

– Бұған дейін Тоғжан Абайқызы аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларда бірнеше мәрте жеңіске жеткен болатын. Ал, Гүлсая Саматқызы халық ақыны Қ.Әбілдің 65 жылдығына арналған аудандық жыр-мүшайрасында арнайы дипломмен марапатталған. Былтырғы жылы 6-11 сынып оқушылары арасында өткен «Табиғатты қорғау – Отанды қорғау» тақырыбындағы эссе байқауында III орынды иеленген, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Бекзат Болатқызы.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Жанкелдин ауданына Мәжіліс депутаты келді

Халық үніне құлақ асу басты мақсат Жанкелдин ауданына Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясының…

3 дня ago

Жанкелдин ауданында 5 көшеге асфальт салу жұмыстары жүргізілуде

Жанкелдин ауданында аудан орталығындағы 5көшеге асфальт салу және 5 км жерге тратуар орнату жұмыстары қарқынды…

3 дня ago

This website uses cookies.