Жангелдин ауданында батагөйлер сайысы ұйымдастырылды

Баталы елдің бағы басым, баталы ер арымас Жангелдин аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Шаңырақ күні» мерекесіне орай ауқымды шара өтті.

Айтулы күн аясында «Баталы елге бақ қонар» атты батагөйлер байқауына 5 үміткер қатысып, өзара бақ сынады. Байқаудың ережесіне сай, «Әдет – ғұрып – тәрбиенің бастауы» кезеңінде салт – дәстүр мен ырымға байланысты сұрақтар қойылды. Байқау қатысушылары екі сұрақтың біріне толық жауап беріп, екіншісі сұрақты ашып жеткізе алмай сынға қалды.

Осы орайда Торғай және Аралбай ауылының қатысушылары нақты жауап беріп, қазылар алқасының тарапынан жоғары балл алды. Екінші кезеңде «Баталы елге бақ қонар» тақырыбы бойынша әрбір үміткерге көрніске сай, бата беру міндеті жүктелген. «Жас жұбайларға», «Жолаушыларға», «Бесік салар», «Асқа бата» сынды құндылықтарды дәріптеу болатын.

Бірақ, қатысушылардың көбісі дайындықсыз келген. Жаттап келген баталарынан жаңылысып, сахнада біраз қобалжыды. Байқау соңында қазылар алқасы байқаушылардың тарапынан кеткен кемшіліктерді айтып, жүлдегерлерді марапаттады.

Аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.

«Көптен бері мәдениет саласының қызметкрелері жергілікті халыққа қалтқысыз қызмет жасап келеді. Еңбектері Алладан қайтсын. Барша ағайынды алда келе жатқан Наруыз мейрамымен аудан әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың атынан құттықтаймын. Елімзе бақ береке, мол ырыс несібе тілеймін», – деді аудан әкімінің орынбасары.

Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Торғай ауылының тұрғыны Серік Нүрпейісов жеңіп алды. 2 орынды аралбайлық Марат Тапалов иеленді. 3 орынды торғайлық қария Кәдірбай Шорин місе тұтты. Қалған екі қатысушыға арнайы чыйлықтар табысталды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлық пен бірге иықтарына шапан жапты.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.