Жангелдин ауданында қар тазалау жұмыстары қарқынды

Биыл қыс жайлы болды

Қытымыр қыстың сары аяздары өте қатты болған жоқ. Есесіне қар қалың түсті. Жазық даладағы қардың қалыңдығы адамның тізесінен келеді. Өткен жылы қардың аздығынан біраз өңірлерді қуаншылық жайлады. Көктемгі тасқын судың да екіпіні баяу болды. Шабындыққа жайылған су лезде сіңіп кетті. Лажы қалмаған халық тасаттық беріп, жаңбыр тіледі. Жаз бойы тамшы жаңбыр жаумай шөптер қурап кетті. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» деген сөздің кебі кесір болып тиді. Тілсіз жау даланы өрте орап, көк түтінге тұншықтырды. Қардың қалыңдығын көрген халық жаз айында су мол болады, шабындыққа шөп шығады деп қуанып отыр. Лайым жылда солай болғай.

Қыс бойы Торғай ауылының ішіндегі жолдар және жаяу жүргішілер жолы уақытылы қардан тазартылып, қалыпқа келтірілді. Яғни қар тазалау жұмыстарына бөлінген қаржы мақасатты иегерілді.

Ұлыстың ұлы күніне орай дайындық жұмыстары өткен аптаның басында басталды. Қазақы киіз үйлер тігіліп, ерекше сән беретін орталық алаң қардан тазартылды. Коммуналдық кәсіпорынның техникалары жұмылдырылып, қарды КамАЗ-ға тиеп, сыртқа шығарды.

– Санитарлық тазалық жұмыстары көктем – жаз айларында жалғасын табады. Оған бөлінген қаржы бар. Әр аптаның сенбі күндері сенбілік ұйымдастырамыз. Бұзылған үйлердің орындары тазартылып, тегістеледі. Мекемелердегі күл – қоқыстар арнайы орынға төгіледі. Өзен жағалауларын да тазартамыз. Сондықтан сенбілікке тек мекеме, кәсіпорын қызметерлері ғана емес барлық тұрғындар атсалысса дұрыс болар еді, – дейді Торғай ауылы әкімінің міндетін атқарушы Ернұр Біржікенов.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.