Жангелдин ауданы: Алтынсарин мектебінде Ахмет Байтұрсынұлының туған күні аталып өтті

Тілді құрметтеу – ұлтты құрметтеу

Жангелдин ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған тағылымды шара өтті. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән айтып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу және Ахмет Байтұрсынұлының қазақ руханиятына қосқан еңбегін жас ұрпаққа насихаттау.

Шара барысында оқушылар арасында Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Жас өрендер ақын шығармаларын жатқа айтып, көркем сөз оқу шеберліктерін танытты.

8-сынып оқушысы Аруна Кәдірбек «Адамдық диқаншысы» өлеңін мәнерлеп орындаса, осы сыныптың оқушысы Берік Мақсұт «Анама хат» шығармасын оқып, көрерменге перзенттік сезім мен сағынышты әсерлі жеткізді. Ал Аяна Сапи өз өнерін ортаға салып, мерекелік бағдарламаның мазмұнын толықтырды.

Бағдарлама мәнерлеп оқумен ғана шектелмеді. Оқушылар ән айтып, өнер көрсетіп, тілге деген құрметін шығармашылық арқылы білдірді. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесі, тіл мәдениеті, көптілділіктің маңызы және ұлттық құндылықтар туралы сөз қозғалды.

Шараға арнайы қонақ ретінде Жангелдин ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Әсем Серікбаева қатысты. Ол оқушыларға жылы лебізін білдіріп, жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметі ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әйгерім Есекеева Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын оқушыларға танытудың маңызына тоқталды.

«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының ғана емес, тұтас ұлттың рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға. Ол ана тіліміздің ғылыми негізін қалыптастырып, қазақ баласының сауатын ашуға бар күшін жұмсады. Сондықтан Ахмет атамыздың мұрасын жас ұрпаққа таныту – біздің ұстаздық міндетіміз», – деді ұстаз.

Оның айтуынша, мұндай шығармашылық шаралар оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттырып қана қоймай, көпшілік алдында еркін сөйлеуіне, көркем сөз оқуына және өз ойын жеткізуіне мүмкіндік береді.

«Біз балаларға тілді тек пән ретінде емес, ұлттың жаны, тарихы мен рухани құндылығы ретінде түсіндіруіміз керек. Ана тілін құрметтеген бала өз елінің тарихын да, мәдениетін де құрметтейді», – деді Әйгерім Есекеева.

Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылған шара оқушыларға ұлт ұстасының шығармашылығымен жақынырақ танысып, ана тілінің қадірін сезінуге мүмкіндік берді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді аудандық білім бөлімі жолдады.

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.