Жангелдин ауданы А.Байтұрсынұлы ауылының тұрғыны шағын наубайхана ашты

Қазіргі таңда кәсіп ашамын деген адамға мемлекеттен қолдау бар

Көптеген мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын ел көруде. Мәселен, Жангелдин ауданы А.Байтұрсынұлы ауылының тұрғыны Гүлімжан Шарипова нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша өз кәсібін ашу үшін мемлекеттен 583,4 мың теңге қайтарымсыз несие алды.

Наубайхана лентасы Тәуелсіздік мерекесі күні салтанатты түрде қиылды. Оған ауыл әкімі Нұрсұлтан Байділдин, ауыл қариялары қатысып, ізгі тілектерін арнады.

– Бүгінгі заман талабы кәсіп ашумен шектеліп отыр. Аудан орталығынан шалғай ауыл болғандықтан шағын наубайхана ашуд ұйғардым. Ұн өнімдерінен бəліш, тоқаш, жеміс қосылған тәтті бәліш пісіруді қолға аламын. Арасында бөке нан пісіруді де жоспарлап отырмын. Ең бастысы кәсібімнің игілігін ауыл тұрғындары көрсе екен деймін. Наубайханаға қажетті құрылғыларды алдым. Енді майлы қамырдан жасалған тәтті кондитерлік кілегей жемістерді жасап, арзан бағада сатылмға шығарамын, – дейді кәсіпкер.

Гүлжан БӨЛЕГЕН

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.