Жангелді ауданында қайырымдылық акциясы шеңберінде көмек көрсетілуде
«Halyk» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – Елбасы» қайырымдылық акциясы шеңберінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 3 қорап ұн, және азық-түлік жиынтығы берілді
Жалпы салмағы 50 кг. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалымен жыл сайын «Жақыныңа көмектес» атты әлеуметтік акциялары дәстүрлі түрде өткізіп келеді.
– Ағымдағы жылдың желтоқсан айында ауданымыздағы жалғыз басты қарт анаға азық-түлік жиынтығы және аз қамтылған толық емес отбасыларға киім кешектер тапсырылды. «Halyk» қайырымдылық қоры мен «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын қолдау саласындағы қызметіне алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да ауданымыздағы азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын қолдау бойынша көрсетілетін көмектер жалғасын табатын болады деп сенім білдіреміз,- дейді Жангелдин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31