Денисов жастарының еңбек нарығындағы белсенділігі артты
Денисов ауданында жастарды жұмыспен қамту деңгейі артқан.
Жас мамандарға жұмыс берушілер тарапынан да сұраныс жоғары. Жыл басынан бері алты адам «Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» бағдарламасымен жаңа білім игеріпті.
Олар нақты жұмыс берушілердің сұранысына сай бухгалтер, электр-газ дәнекерлеуші, аспаз, механизатор мамандықтарын тегін меңгерді. Кейін өтініш жолдаған ұйымға тұрақты жұмысқа орналаса алады. Жастарды қолдау іс-шаралары мұнымен шектелмейді. Студенттер мен уақытша жұмыссыз жастарды маусымдық еңбекпен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» еңбек жасағы да биыл ойдағыдай жүзеге асты. Жас буынның белсенділігін арттыруға арналған жұмыстардың қорытындысы аудан әкімі Руслан Қатпаевтың төрағалығымен өткен жастар ісі жөніндегі кеңесте мәлім болды.
Биыл «Жасыл ел» еңбек жасағы Денисов ауданы аумағында маусым-шілде айларында қызмет атқарды. Оған 89 адам жұмылдырылды. Жас буын мемлекеттік бағдарламаның арқасында елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыруға үлес қосты.

-Жасақ мүшелері екі ай бойы саябақтар мен қоғамдық орындарды тазартып, қоқыс жинады, шөп шапты және жасыл желекке күтім жасады. Отрядты құру және үйлестіру арнайы нұсқаулыққа сәйкес жүргізілді. Бәрі тиісті еңбек құралдарымен қамтылды. «Жасыл ел» белгісі бар бас киімдер мен футболкалар үлестірілді. Әсіресе 14-18 жас аралығындағы жеткіншектер аса қызығушылық танытты. Бұл жоба жазғы демалысты тиімді өткізіп, қаражат табуға берілген үлкен қолдау,-деді аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Асель Иванко.
Денисов ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағының биылғы қызметін іске асыруға 8 014 865 теңге бөлінген. Барлығы 12 ауылдық округ атсалысты. Соның ішінде Денисов ауылы, Архангель, Тельман ауылдық округтері мен Перелески ауылының жастары белсенділік танытқан.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттер ауданның ЖРО алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31