Қазақстан Республикасының Конституция мерекесі қарсаңында Саға ауылының орталығында орналасқан дала сахнасының ашылу салтанаты болды
Ауыл әкімі Қайсар Нұрғазин мен мәдени ұйымдастырушы Айжамал Баймырза дала сахнасының лентасын қиып, құттықтап, ел азаматтарына ауыл тұрғындарының атынан рахмет айтып, алғыс хатпен марапаттады.
Дала сахнасы ауылға керемет сән беріп тұр, карантин біткеннен кейін, жазды күндері дала сахнасында әр түрлі мәдени іс-шаралар өткізілетін болады. Жөндеу жұмыстарына жалпы соммасы 500 мың теңге қаражат жұмсалды. Осындай азаматтардың елге деген жанашырлығы туған жерге туын тіккен тұғырлы елдің тумалары екендігін дәлелдеп тұр.
Басқа да ауылдың азаматтары тұтас елдің тіршілігін шешіп бере алмаса да, өсіп өнген жердің шырайын келтіруге аянар емес. Осындай берекелі бастамалар қашан да жемісін берері анық.
Қызбел ауылдық округі
әкімінің аппараты
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.