Торғайлық жас келін «Бұлбұл» әнімен әлеуметтік желіде танылды

Гүлбақыт Жаңбырбаева Сарысу аулының тумасы

28 жастағы жас келін «Бұлбұл» әнін айтып, әлеуметтік желі арқылы хитқа айналды деп желі қолданушылар жарыса жазды. Бұған дейін облыс көлемінде танылып, елді аузына қаратқан ерекше үнді әнші болатын. Тұрмыс құрғаннан кейін өнерден сәл ғана алыстағаны рас.

Егер қателеспесем, Алтынсарин аудандық мәдениет үйінің директоры болып тұрған уақытта Біржан Жүзбаев талантты қарындасының өнеріне тәнті болып, жұмысқа орналастырды. Нұр-Сұлтан қаласында жүрген жерінен «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша шақырып алып, өнерінің шыңдалуына себепкер болды. 2018 жылы ауданымыздың 90 жылдық мерейтойында «Торғай әуендері» байқауына қатысып, бұрмалаушылықтың салдарынан бас жүлдеден қағылды.

Қазіргі таңда Шилі ауылының ибалы да инабатты келіні. Туысқандарының тойында ән салған видеосы лезде әлеуметтік желіге тарап кетті. Today_qaz, tiktok.kazakstan, Kaz.eхk.kz сайттары көзді ашып жұмғанша жас келіннің есімін республикаға танытты. Әлеуметтік желі арқылы бір күнде танымал боламын деп әсте ойламаған. Негізгі мамандығы дирижер. Қазақстан бойынша білім сапасы жоғары саналатын Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі.

– Тұрмысқа шыққанға дейін тойларға шығатынмын. Республикалық байқауларда жүлделі орындар алып жүрдім. Қазір декреттемін. Екінші сәбиімізді күтіп отырмыз. Туыстардың тойларында ара-тұра ән айтқаным болмаса, өнер саласынан алыстап барамын. Егер ата – енем, жолдасым қарсы болмай бір мүмкіндік беріп жатса, болашақта өнерімді дамытқым келеді. Ең басты арманым үлкен сахналарда ән айту. Алайда сол арманы ауылда қалып қоя ма деп алаңдаймын. Ән жаздыру үшін ақша керек. Ауылда тұрған бізде ондай мүмкіндік қайдан болсын. Демеушілер болып жатса еш қарсылығым жоқ. Өнер таразысын бағамдай білген халық «Бұлбұл» келін деген атап беріп, мерейімді өсірді, – депті «Express Qazaqstan» сайтының тілшісіне берген сұхбатында.

Жасанды дауыспен ән айтып, әлеуметтік желі арқылы танылып жүргендер қаншама. Ән көп – сапа жоқ. Оларға қарағанда қазақ елін әлемге танытқан Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова апалармыздың сара жолын жалғап, табиғи дауыспен, әсем әуенмен үндескен Гүлбақыттың болашағы жарқын. Айтып ауызы жиылғанша есімі бір күнде танылған «Бұлбұл» үнді жас келін өне жұлдызына айналсын деген тілектеміз.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.