Торғайдың дарабозы нар тұлғалы

Көзі тірі болса Жақан Қосабайұлы 12 қаңтар күні 80 жаска толар еді. Жақан ағамыз екеуміз бір ауылданбыз. Әңгіменің төркінін әріден қозғасақ, Бесқопа, кейін Станция,бұрынғы Сталин колхозы, одан кейін Торгай совхозы, қазіргі Шеген би бабамыздын ауылының тумасымыз.

Ол кісі Қосабай атамыздың жалғыз ұлы.  Әкесі ұлы отан соғысынан оралмаған. Ағамыз мектепте окып жүргенде окушылар комитетінің мүшесі болды. Одан кейін аз уақыт  мал бақты. Соның арқасында комсомолдық жолдамамен Ресейдегі Челяби қаласынын жоғарғы оку орнын бітірді. Ол жылдары Торғайдан 5-6 азамат жолдама алған болатын. Солардың бірі Босша ағамыз. Қазір Рудный қаласында тұрады.

Оқудан кейін аудан шаруашылығының әр түрлі саласында қызмет атқарады. 26 жасында Албарбөгет совхознын директоры болып тағайындалды. Артынша аудандық комитетінің төрағасы, облмекеме басшысы, аупартком бірінші хатшысы болды. Осы бірінші хатшы кезінде үкметтің артта калған Отыз ауданын дамыту шешіміне байланысты алғашкылардың бірі болып  Торғайға 300-ге жуық тұрғын үй салдырып берді. Каншама шешім болса да орындаушысы, жоқтаушысы, жанашыры болмаса, орындалмай калатыны белгілі жәйіт. Бәрі басшының  халык алдындағы жауапкершілігі мен азаматығына байланысты.

Халык акыны Сырбай Мәуленов «Торғай сенің қисық көшелерің маған түзү секлді, сенің инеликтеріңнің өзі маған вертолет секілді», – деп жырласа сол Торғай көшелері түзелді, күл -қоқыстан тазарып, асфальттанды. Көгалдандыру да қатар жүрді. Тіпті Тосынға егілген Қарагаш пен Шыршалар қазір бой көтеріп, биіктігі 5-10 метрге жеттті. Тосын құмында әлі жайқалып тұр. “Егерде Жақан  болмаганда, кешегі  ұлт көсемдері: Ахмет Байтұрсынұлы мен Мыржақып Дулатұлының мұражайы салынып, тура мұражайдың алдында қос тұлғаның ескерткіштері тұрар ма еді”, –  дейтін марқұм Гүлнар Мыржақыпқызы. Тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыда қазақтың бірінші құрылтайы өтті. Жақан ағам басқарған ауданнан делигация келді.

600 қозының  жүнінен басылған, ұмытбасам 12 қанат ақ  киіз үй құрылды. Сол кезде бірінші болып Хан Шатыры койылды. Оған Елбасы, Финляндияның  сол  кездегі Президенті Мырзатай Жолдасбеков, Аман Төлеев, Иманғали Тасмағанбетов тағы басқа үкімет басшылары кіріп корді. Сол жолы Торғай бірінші орынға ие болды. Екінші күні Жақан ағам бүкіл торғайлықтағга конақасын берді. Сол ақ киіз үйдің ішінде.  500 дей адам қатысты. Келесі жылы Жақан ағам обләкімшілігіне жұмысқа ауысты.  Арада жарты жылдай уақыт өткен соң Торғай облысына әкім болып тағайындалды. Озі айтып жүретін екі үлкен жоспарлары бар еді: Бүкіл қазаққа танымал Шақшақ  Жәнібектиі насихаттау, екіншісі Дамолда Катен бабага мазар салу дейтін.

Сол 1993 жылы жүгүріп жүріп, үкіметің қаулысын  шығартты. Үш Ордаға аты шыққан, көршіес Ресей, Қытай, Жоңғар,Е вропағ а, Калмаққа белгілі саясаткер бабамыз, бірінші Тархан Шақшақ  Жәнібектің 300 жылдық тойын атап өтті. Арқалық қаласынан, Торғай жерінен ескерткіш және тарихи мұражайы ашылды. Алматы қаласынынң әкімі болған Бауыржан Байбек мырзаның шешімімен Алматыда да Шақшақ  Жәнібек бабамызға көше аты берілді. Торғай тарихында осы аймақты, шалғай жатқан мекенді өркендетуге қарқынды еңбек еткен бірде бір азамат болса ол Жақан Қосабайұлы деп білемін. Әрине, Торғайда қаншама басқада басшылар болды.

Олар да халыққа, елге жаны ашып еңбек етті. Айта кетсек олар: Еркін Әуелбеков, Кеңес Әубакіров, Уәли Әуелбеков. Кейінгі басшылардан Мақсұт Шәйкемелов, Батырбек Ахметов, Асқарбек Кенжеғарин ағаларымыз. Осы кіслердің ізін  жалғап келе жатқан Шота Сәбитбекұлы үлкен еңбек атқарып келеді туған жеріне. Осы азаматтардың барлығы Жақан ағамыздың шәкірттері. Осынша үлкен қызметтер атқарып жүргенде 2000 жылдың басында денсаулығы да сыр бере бастады. Ағамыздың армандап жүрген жоспарлары орындалды десек болады. Қостанай қаласында Шақшақ Жәнібек бабамызға арнап ескерткіш қойылды. Енді көшеде беріледі деп естідім. Бұл жоспар академик Кенжеғали Сағадиев ағамыздың үлкен еңбегінің арқасында орындалды. Екінші жоспары Дамолда Катен бабаыздын басына мазар көтеру ол да қолға алынып жатыр. Бірақ, бұл тіршіліктерді Жақан ағамыз көре алмай кетті…

Жантемір  БАТЫРХАНҰЛЫ

«МЖК»компаниясынын Бас Директоры, Академик, Техника Ғылымынын Докторы,

Алматы қаласының тұрғыны

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданы Көлқамыс ауылына жаңа үйлер салынады

Тасқын судан зардап шеккен ауыл тұрғындары баспаналы болады (далее…)

4 дня ago

This website uses cookies.