«Торғайда бір ақын бар Қоныс деген» атты мектеп оқушыларының арасында жыр – мүшайра өтті

Онда жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен халық ақыны, сатирик, жазушы, айтыстың ақтангері Қонысбай Әбіловтың 65 жас мерейтойының құрметіне «Торғайда бір ақын бар Қоныс деген» атты мектеп оқушыларының арасында жыр – мүшайра өтті.

Поэзия әлеміне қалам тербеген, болашақтарынан зор үміт күтіретін 22 жас ақын бақтарын сынап, жұдырықтай жүректерінен шыққан жауһазын жырларын  оқыды. Кейбір оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, туындыларын насихаттады. Қазылар алқасының шешімімен «Қонысбай Әбілов» атындағы жүлдені Эльдар Жұмақан иеленді. «Нұрхан ақын» жүлдесін Қапар Дариға алды. Жүлделі бірінші орынды Таңжарық Ниязбек иемденді. Екінші орын Сырым Есенгелді, үшінші орын Торғын Мәлік місе тұтты. Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Қапуза Әлібек жеңімпаздар мен номинация иегерлерін дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Бай – АХМЕТ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.