Цифрландыру ауыл шаруашылығы саласына да дендеп еніп келеді.
Жанкелдин ауданында ауыл тұрғындары арасында «TortTulik Mobile» мобильді қосымшасын пайдалану кеңінен насихатталып, нақты нәтижесін бере бастады.
Бүгінде қосымша төрт түлік малды тіркеу мен ветеринариялық қызметтерді онлайн форматта алуға мүмкіндік беретін тиімді құралға айналып отыр
Аудан бойынша аймақтық ветеринариялық мамандар ауыл-аймақтарды аралап, тұрғындарға «TortTulik Mobile» қосымшасының мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда жыл соңына дейін тіркелуі тиіс 1389 мал иесінің 972-сі қосымша арқылы жүйеге енгізілген. Жауапты мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш алдағы уақытта толық қамтылады.
Жанкелдин ауданына қарасты Ақкөл ауылындағы «Тасқын» шаруа қожалығы цифрлық жүйенің тиімділігін алғашқылардың бірі болып сезінгендердің қатарында. Шаруа қожалығы былтыр жаз айында «TortTulik Mobile» қосымшасына тіркелген. Қожалық жетекшісі Құрманғали Аңсағанұлы жобаның ауыл адамдары үшін үлкен жеңілдік әкелгенін айтады.
«Бұрын малға қатысты құжаттың бәрі қағазбен жүретін. Қазір барлығы телефонда. Әрбір малдың дерегі анық, қай кезде тіркелгені, қандай ветеринариялық шаралар жүргізілгені бірден көрініп тұрады. Бұл – уақытты да, күшті де үнемдейтін өте тиімді жоба», – дейді ол.
Қазіргі таңда «Тасқын» шаруа қожалығында 240 бас ірі қара және 200-ден астам жылқы тіркелген. Барлық дерек «TortTulik Mobile» қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Аталған қосымша 2023 жылы Android платформасында, ал 2024 жылы iOS жүйесінде іске қосылды. Қосымша арқылы төлді тіркеуге өтінім беру, жануар деректерін өзектендіру, ветеринариялық паспорт алу, сондай-ақ тіркелген жануарлар тізілімін көру мүмкіндігі бар. Егер жануардың жеке бірдейлендіру нөмірі (ЖБН) болмаса, өтінім ветеринариялық дәрігердің қарауына жіберіліп, мамандар мал иесінің өзіне барып, бірдейлендіру жұмыстарын жүргізеді.
«Қосымшаның басты артықшылықтарының бірі – оның қолжетімділігі. Барлық рәсімдер онлайн форматта жүзеге асады, қағазбастылық азаяды, өтінімдердің мәртебесін бақылау жеңілдейді. Сонымен қатар, деректердің қауіпсіздігі де толық қамтамасыз етілген», – Жанкелдин аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ернұр Иманғалиев.
Қазіргі уақытта Қостанай облысы бойынша «TortTulik Mobile» қосымшасын пайдаланушылар саны 12 мыңнан асып отыр. Ал, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, былтыр 1 маусымнан бастап қосымша республика көлемінде толық іске қосылды. Жоба Ауыл шаруашылығы министрлігі мен АӨК-дегі экономикалық саясатты талдау орталығының бірлесуімен әзірленген.
Қосымша онлайн және офлайн режимде жұмыс істей алады. Интернет желісі болмаған жағдайда деректер сақталып, байланыс орнаған сәтте автоматты түрде жаңартылады. Болашақта малды сатып алу-сату, жоғалған таңбаны ауыстыру, сойылған малды есептен шығару қызметтерін енгізу жоспарланған.
Сонымен қатар, «TortTulik» мобильді қосымшасы ауыл тұрғындары үшін ақпараттық хабқа айналмақ. Мұнда салалық жаңалықтар, алдағы вакцинация туралы хабарламалар жарияланып отырады. Алдағы уақытта ет сатып алушыларға арналған арнайы бөлім іске қосылып, «sogym.kz» платформасы арқылы тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінен ветеринариялық бақылаудан өткен етке тапсырыс беру мүмкіндігі қарастырылады.
Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ
Суреттер «Тасқын» шаруа қожалығының жетекшісінен алынды
Торғай ауылында 2026 жылғы 8-9 қаңтарда студенттердің демалысын тиімді пайдалану мақсатында шағын футболдан аудандық ашық…
Жангелдин ауданында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жазғы және қысқы күтіп-ұстауға арналған тендерлер 2025 жылғы…
Ашылған күніне орай Н. Г. Иванов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін бұрын осы…
Сотрудники УЧС Амангельдинского района выехали на помощь и доставили журналистов в село Амангельды. (далее…)
Меловые горы Акжар расположены на границе Джангельдинского района и области Улытау и славятся своей колоритностью.…
Жангелдин ауданына қарасты Қарғалы елді мекенінде өзен жағалауынан өлі балықтардың табылғаны жөнінде ақпарат тарады. (далее…)
This website uses cookies.