Астана мен Батысты жалғайтын тарихи жол құрылысы Шеген ауылына дейінгі аралықта жүріп жатыр.
Торғай өңірінде өңірлік экономиканың тамырына қан жүгіртетін ауқымды да тарихи жоба жаз шыға басталды. Мегажобаның жай-жапсары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жанкелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев айтып берді.
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Орталық – Батыс» жаңа автомобиль жолының құрылысын жергілікті жұртшылық зор қуанышпен қарсы алды.
Жаңа трасса Арқалықтан Астанаға қарай және Торғай ауылынан Ырғыз ауданына дейінгі аралықты жалғайды. Жолдың жалпы ұзындығы – 889 шақырым. Бұл магистраль Елорда мен Батыс өңірлері арасындағы қашықтықты бірден 560 шақырымға қысқартады.
Қазіргі уақытта Торғай ауылынан Шеген ауылына дейінгі 17 шақырымдық жолда белсенді жұмыс жүріп жатыр. Қарқынды құрылыс алаңында 790 000 текше метр топырақ төгілген. Жұмысқа 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.
«Жол салынған жерде даму, бизнес пен жаңа жұмыс орындары пайда болады. Бұл ауданымыз үшін сауда мен логистиканы арттыратын, туризмді дамытуға мүмкіндік беретін және халықтың өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтеретін үлкен қадам», – деді аудан әкімі.
Сарапшылардың пікірінше, бұл инфрақұрылымдық жоба Торғай өңіріндегі халықтың тұрақтануына және аймаққа инвестиция тартылуына серпін бермек.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет Жангелдин ауданы әкмдігінен алынды
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.