Торғай өңірі: Сарысу ауылының әр үйіне таза ауыз су тартылды

Жангелдин ауданына қарасты Сарысу ауылында көптен күткен ауыз су мәселесі шешімін тауып, елді мекен тұрғындары үшін зор қуаныш болды.

Ауыл халқының ұйымшылдығы мен бірлескен еңбегінің арқасында тіршілік нәрі әр үйге жеткізілді. Бұрын ауыл тұрғындары ауыз суды сырттан тасып пайдаланатын. Енді 150-ден астам тұрғыны бар, отызға жуық үй таза ауыз суды үй ішінен тұтыну мүмкіндігіне ие болды. Бұл ауыл өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.

Ауылдың дамуына жергілікті бастамалардың серпін беріп отырғаны қуантады. Былтырғы су тасқыны кезінде елді мекенді қорғауда белсенділік танытып, ерлікке пара-пар ісімен ел есінде қалған ауыл тұрғыны, «Дүйсенбаев» шаруа қожалығының басшысы Әсет Дүйсенбаев бұл жолы да ортақ іске ұйытқы болды.

Ол 5,5 миллион теңгеге Астанадан арнайы техника жалдап әкеліп, су құбырын тарту жұмыстарын ұйымдастырды. Сонымен бірге ауыл азаматтары да жұмыла кірісіп, қажетті құрал-жабдықтарды Қостанай қаласынан өз күштерімен жеткізген.

Айта кету керек, тасқын кезінде көрсеткен ерлігі үшін Әсет Бөлтірікұлы Ақордада өткен салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Шапағат» медалімен марапатталған.

Жаркөл ауылдық округінің әкімі Бақыт Төлебаевтың айтуынша, бұл – ауыл халқының ауызбіршілігінің айқын көрінісі.

– Тұрғындардың ұйымшылдығының арқасында үлкен жұмыс атқарылды. Үй-үйге су кіргізіліп, сапалы ауыз су жүйесі іске қосылды. Халық өз қуанышымен бөлісіп, елге жанашыр азаматтарға ризашылықтарын білдіруде. Ауыл өмірі үшін аса маңызды оқиға, – деді ауыл әкімі.

Бұрын Сарысу ауылында ауыз су бір нүктеден берілген. 2021 жылы Мемлекет қаржы бөліп, ауылдан 4,5 шақырым жерде орналасқан Оралбай өзенінен су тартылып, тұщыту қондырғысы орнатылған еді. Сол өзеннен келіп тұрған су негізінде Әсет Дүйсенбаев бастаған ауыл азаматтары су мұнарасын орнатып, 27 үйге құбыр қазып кіргізді. Бұл – қыруар қаражатты қажет ететін жұмыс. Соған қарамастан, тұрғындар қажетті пластик құбырларды және басқа да материалдарды өздері қаражат жинап сатып алып, істі өз күштерімен атқарды.

Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта жергілікті әкімдік пен ауыл азаматтары бірлесе отырып, ауылда жаңа кітапхана мен клуб ғимаратын салуды жоспарлап отыр.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

10 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.