Тәуелсіз еліміздің болашағы бүлдіршіндер

1 маусым – “Халықаралық балаларды қорғау күні” мерекесі қарсаңында “Балдырған” бөбекжайына барып, бүгінгі тыныс – тіршілігімен таныстық

Қазіргі таңда 140 бала тәрбиеленіп жатыр. 12 тәрбиеші 6 топқа бөлінген. Ондағы кішкентай бүлдіршіндердің әрқайссы бір – бір үйдің еркелері. Олардың тілін табу қиын. Бірақ, тәрбиешілер солардың еркеліктері мен айтқандарын жасап, аналарындай мәпелеуде. Біз барған уақытта “Қуыршақ” тобының кішкентай бүлдіршіндері бір үйдің балаларындай тату – тәтті ойнап отыр екен. Тіпті, ортадан суырылып шығып екі бала өз өнерлерін көрсетеміз деп құлшынды. Бүлдіршіндердің көңілін қайтарғанымыз жоқ. Бірі тақпақ, бір әдемілеп тұрып ән айтып берді.

Жалпы, аталған бөбекжайда мерекелік іс- шаралар үнемі ұйымдастырылып отырады. Бүлдіршіндердің барлығы да өнерлі. Бойларын патриоттық сезімді қалыптастырған бүлдіршіндер ата – бабамыздан қалған салт – дәстүрлерді дәріптеп, үйренуден жалықпайды. “Жігіттің сұлтаны”, “Қыз сыны” байқауларының жеңімпаздары тәрбиешілердің мақтанышына айналған. Ән – күй, би үйірмелері жұмыс жасайды. Ал, “Гүлдер” тобында өнерлі бүлдіршіндер өте көп. Бізді жатырқамай әңгімелесіп, өздерінің армандарымен бөлісті. Кішкентай болса да ойлау қабілетті жоғары. Бүлдіршіндердің асқан армандарын 4 беттен оқи аласыздар.

-Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Сол тәрбиенің балабақшадан бастау алуы өте орынды. Қазіргі заманға сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің қабілеттерін көрсете алатын, өз ойларын ашық айта білетін ұрпақ тәрбиелеуде балабақша өмірінің рөлі зор. Балабақша бүлдіршіндерінің денсаулығын, дұрыс тамақтануын, күн тәртібінің орындалуын, оқу жүктемесінің санитарлық- эпидемиялық талаптарға сай жүргізілуін, үнемі тазалықта болуын қадағалау біздің басты міндетіміз. Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Сондықтан қай білім ордасы болмасын оны орындауға тікелей міндетті. Сапалы білім, тәрбиелеу әр педагог еншісінде. Біздегі тәрбиешілердің барлығы жоғары білімді. Өз мамандарының кәсіби шебері, – дейді балабақша меңгерушісі Мөлдір Батырова.

40 жылдан астам тарихы бар балабақшадан қаншама ғұлама кісілер, академиктер мен профессорлар шықты. Балабақша адам өмірінің алғашқы баспалдағы. Санаңа сіңірген жақсылықтарды, адамгершілік пен қайырымдылықты, мәрттік пен жомарттықты келешекте өзің үшін емес, өзгелер үшін жарата білген жөн.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.