Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Өңірдегі су айдындарында қайғылы жағдайлардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды заң мен тәртіп шаралары және кешенді профилактикалық рейдтер жүргізіліп жатыр.

Жангелдин ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, маусым басталғаннан бері халық арасында түсіндіру және құқық бұзушылықты анықтау жұмыстары бір сәтке де тоқтаған емес.

«Заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті»

Судағы қауіпсіздік – бұл жай ғана ереже емес, бұл заң талабы. Төтенше жағдайлар бөлімі заң мен тәртіптің орындалуын бақылауда тек ескертумен шектелмей, нақты әкімшілік шараларды да қолдануда. Маусым басталғалы бері ведомствоаралық бірлескен рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Су айдындары маңында тәртіп орнату үшін полиция бөлімімен бірлесіп 38 рейд, аудан әкімдігі өкілдерімен 48 рейд, білім бөлімімен 15 рейд және еріктілердің қатысуымен 14 рейдтік іс-шара өткізілді.

Рейдтердің басты мақсаты – заңсыз суға түсу орындарын анықтау және ең бастысы, балалардың өмірін қорғау. Тексерістер барысында заң талаптарын белшесінен басқан жайттар да тіркелді. Мәселен, өзен бойында ата-анасының қарауынсыз, қарауылсыз шомылып жүрген 11 бала анықталды. Олардың заңды өкілдеріне (ата-аналарына) қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, атап айтқанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті баптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Мұқатов су айдындарындағы заң мен тәртіптің маңыздылығына тоқталып, ата-аналар жауапкершілігін қатаң ескертеді.

«Су – қателікті кешірмейді. Біздің басты мақсатымыз – әрбір азаматтың, әсіресе балаларымыздың амандығы. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар балаларын өзен-көлдердің маңында қараусыз қалдырып, үлкен тәуекелге барып жатады. Рейд кезінде анықталған 11 баланың жағдайы, осы салғырттықтың айғағы. Заң аясында олардың ата-аналарына әкімшілік шара қолданылды. Бұл жазалау емес, сабақ. Әрбір ересек адам баласының қайда жүргеніне заңды түрде жауапты екенін сезінуі тиіс. Тыйым салынған белгі тұр ма, демек, ол жерде суға түсуге мүлдем болмайды», – деп атап өтті бөлім басшысы Нұрсұлтан Мұқатов.

22 ескерту белгісі қойылды

Бүгінгі таңда Жангелдин ауданы бойынша суға түсуге қауіпті және заңмен тыйым салынған орындарға 22 ескерту белгісі орнатылған. Оның ішінде халыққа қауіпті аймақтарды қашықтан визуальды түрде ескертетін 5 ауқымды ақпараттық баннер бар. Құтқарушылар бұл белгілерді елемей, тыйым салынған жерде суға түсетіндер де әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Құтқарушылар тек рейдтермен шектеліп қалмай, алдын алу шараларының ауқымын кеңейтті. Жазғы демалыс басталар алдында және маусым барысында білім беру ұйымдарында судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша 16 арнайы сабақ өткізіліп, оған 199 оқушы қатысты.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы цифрлық мүмкіндіктер де белсенді қолданылуда:

Ата-аналардың WhatsApp топтарына судағы қауіпсіздік ережелері мен жауапкершілікті ескертетін 401 электронды жадынама жолданып, виртуалды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдайлар бөлімінің ресми Instagram парақшасында халықты ақпараттандыру мақсатында арнайы дайындалған 10 бейнеролик жарияланды.

Әр тұрғынмен тікелей диалог

Профилактикалық жұмыстар тікелей халық арасында да қарқынды жүруде. Елді мекен тұрғындарымен арнайы 11 жиын өткізіліп, оған 262 адам қатысты. Тәуекел тобына жататын балық аулаушылар да назардан тыс қалған жоқ: 151 балықшыға судағы қауіпсіздік талаптары мен құралдарын (құтқару кеудешелері және т.б.) қолдану міндеттері түсіндірілді.

Ең ауқымды жұмыс тұрғын үйлерді аралау кезінде атқарылды. Құтқарушылар мен белсенділер 1203 тұрғынның үйіне бас сұғып, судағы қауіпсіздік қағидаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, қолдарына арнайы үндеу-жадынамалар ұстатты.

Жангелдин ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі барша аудан тұрғындары мен қонақтарын су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, заңға бағынуға, балаларды ешбір жағдайда қараусыз қалдырмауға және тек ресми түрде рұқсат етілген, шомылуға арналған орындарда ғана суға түсуге шақырады. Тәртіп бар жерде, қайғылы жағдайға жол жоқ.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер аудандық ТЖ бөлімінен алынды

Редактор

Recent Posts

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

Торғайда әке жолын қуған полиция капитаны

Әлім Бақытжан Әлімнің кәсіби жетістіктері жоғары бағалануда. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.