Павлодар облысында байрақты бәсеке басталды

Қатысушылармаслихат депутаттары

Бүгін Павлодар облысында “Senat Open Cup 2024” шахматтан республикалық турнир басталды. Қазақстан Республикасы Парламентінің мұрындық болуымен, Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өтуде. Турнирге қалалық, облыстық, аудандық маслихаттың депуттары қатысты. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысы бойынша 100 ден астам үміткер бақ сынап, нағыз мықтылар анықталатын сәт.

“Бүгінгі додаға кілең мықтылар келді. Ертіс, Баян өңіріндегі бәсекеге келген барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Қостанай өңірінен келген жерлестерім жеңіске жетіп, облысымыздың мәртебесін асқақта та берсін. Бұл жартылай финалда жеңіске жеткендер тамыз айында Астана қаласында ақтық бәсекеге жолдама алады. Сенат төрағасы Мәулен Сағатұлының бастамасымен өтіп отырған республикалық шахмат турнирінде алдыңғы қатарда көрінуге тілектеспін” —дейді облыстық маслихаттың төрағасы Сайлаубек Ещанов.

Шахмат турнирі салтанатты түрде ашылды. Қорытынды кешкі сағат 18:00 де анықталады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Кого освободят от сдачи декларации в 2025 году?

Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)

1 день ago

This website uses cookies.