Қоғамдық жұмыстарға қос қолдап кіріссек, пайдасы елге тиеді

Биыл облыс аймағында “Экологиялық екі ай”  акциясы жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу мақсатында  сәуір – мамыр айлары тазалық айы болып бекітілді

Осы тұрғыда “Елді – мекендер аумақтарына көктемдегі екі айлық санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру айлығын өткізу туралы” Жангелдин ауданының әкімдігінің №73 қаулысы жергілікті газетке жарияланды.

Қазіргі таңда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Абаттандыру жұмыстарынан тыс санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алды. Бұзылған ескі үйлердің орындары тазартылып, төмпешік жерлер тегістелуде. Ал, сенбілік  күнделікті күн тәртібінен түскен емес. Аудан орталығы және әр тұрғынның үй  – жайлары күл – қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылса, таза экологиялық аймаққа жатарымыз сөзсіз. Сондықтан аталған акцияға жергілікті тұрғындар атсалысса игі. Торғай ауылы әкімдігінің мәліметінше, абаттандыру – көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына  2 млн теңге қаржы бөлінген. Көктемгі қар суынның салдарынан жыраға айналған көшелер қалыпқа келтірілуде. Бүгінде абаттандыру жұмыстарына жұмыспен қамту орталығы арқылы  Торғай ауылы әкімдігіне жұмыссыздықтар тізімінде тұрған 119 адам жіберілген. Оның 31 адамы абаттандыру жұмыстарына тартылған. Алдағы айларда  жұмыссыз адамдар кезең – кезеңімен мерзімдік жұмыспен қамтылады. Туған жердің туын көкке көтергіміз келсе, ең алдымен тазалыққа мән берейік.

Байбатыр  АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.