Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл. Осыдан отыз жыл бұрын ата – бабаларымыз еркіндік үшін күресіп, азаттық жолында құрбан болды
Олар өздері үшін емес өскелең ұрпақтың ертеңі үшін күресті. Қаһарман қазақ батырлары ұрпағына азаттықтың ақ таңын сыйлады. Еліміз тәуелсіз мемлекет атанып, аспанмен астасқан көк байрағымыз көгімізде желбіреді. Егемен елдің еңсесі көтеріліп, мәртебесі асқақтады. Сол себепті осы жылғы мәдени – көпшілік іс – шаралардың барлығы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналып отыр. Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында аудан орталығынан бой көтерген Ту тұғырының ашылу салтанаты болды.
Аудан әкімі Шота Оспанов аудан жұртшылығын наурыз мейрамымен құттықтады. Елдіктің нышанына айналған көк байрағымыздың зерделі тарихына тоқталды. Ту тұғыры орнатылған алаңның екі жағындағы жастар саябағын бірге қосып, “Тәуелсіздік алаңы” деп атау жөніндегі ұсынысын айтты. Тәуелсіздіктің төл құрдастары Әнұранымыздың әуенімен көк байрағымызды биікке көтерді.
Сонымен қатар, “гендерлік саясаттың жүзеге асуына, қайырымдылық шаралардың ұйытқысы бола білгені үшін” жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ләззат Зейнекинаға, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сәуле Дүйсеноваға облыс әкімінің “Құрмет грамотасын” табыс етті. Ауданымыздың “Құрметті азаматы” Тыныштық Әбжамалов елге тілегін арнап, “Тәуелсіздік” сөзі қасиетті ұғым екенін тілге тиек етті. Мектеп оқушылары көк байрағымыздың құрметіне арналған жыр – жолдарын оқыды. Патриоттық әндер шырқалды. Қостанай облысы бойынша ең биік Ту біздің аудан орталығында орналасқан. Биіктігі 25 метр. Бұл біздің береке – бірлігіміз бен ынтымақтастығымыздың негізі деп білгеніміз абзал.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.