Ұлыстың ұлы күні торғайлықтар жақсылық пен қуаныш тіледі

Орталық алаңға тігілген қазақы киіз үйдің жаны халыққа толы болды

Олар қазақтың жаңа жылы болып саналатын Ұлыстың Ұлы күнін қарсы алу үшін жианлды. Сары самауырында шәй қайнап, қара қазанда сары бауырсақ пісіп жатты. Шағын ауылдың тұрмыс – тіршілігін насихаттайтын осы бір көрініс қазақы дәстүрімізді қайта жаңартқандай сезімде болдық. Ұлттық киім киген тұрғындар құшақ жайып амандасып, мал мен жанның саулығын сұрасты. Қытымыр қыстан қысылмай шығып, көктем мерекесіне жетіп, көңілдері жайланғандай.

Мерекені тамашалуға келген барлық адамдар наурыз көжеден, палаудан, шелпек нан мен бауырсақтан дәм татты. Аудан әкімі жергілікті тұрғындарды наурыз мерекесімен құттықтады.

– Наурыз – жыл басы ретінде шығыс халықтарына, күллі түркі қауымына ортақ мереке. Біріккен ұлттар ұйымының Наурызды халықаралық мереке ретінде қабылдауы да сондықтан. Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің арқауы болған наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. «Бұл мереке әр уақытта халқымызды іргесі сөгілмеген бірліктің, еңселі ерліктің, ырыс пен бақ-берекенің мерекесі болып саналады. Ұлыстың ұлы күні елімізге ырысы мен ынтымағын әкелсін! Бірлігіміз бекем, ауызбіршілігіміз мол болып, тіршілік жаңаратын наурызда ниет еткен барша тілектеріңіз қабыл болсын. Әрбір шаңыраққа Қыдыр қонып, бақ дарысын! Жыл жемісті болғай, – деді аудан әкімі.

Дала сахнасында күмбірлеген күй, әуезді ән шырқалды. Наурыз мерекесінің басты кейіпкері Қыдыр ата елмен қауышып, ақ батасын берді.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Торғайдағы Көлқамыстың шебері

Жеті баланың әкесі техникадан түрлі көлік құрастырады. (далее…)

3 дня ago

Жангелдин ауданы: Ауыл мектебіне жасанды интеллект не береді?

Қостанай облысындағы ауыл мектептерінде жасанды интеллектіні қолдану үрдісі бірте-бірте еніп келеді. (далее…)

4 дня ago

Торғай даласында кертағылар екінші рет төлдеді

Торғай даласында қайта жерсіндірілген кертағылардың саны артып келеді. Бұған дейін Қазақстанға әкелінген түз жылқыларының арасынан…

6 дней ago

Жангелдин ауданында жастарға жұмыс пен бизнес бастауға мүмкіндік жасалып жатыр

Жангелдин ауданында жастарды жұмыспен қамту және кәсіп бастауына қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ауданда…

1 неделя ago

«Орталық – Батыс» жолының құрылысы қашан қайта жанданады?

Қостанай облысында тұрғындар «Орталық – Батыс» автожолының Торғай – Ырғыз учаскесінің құрылысына қатысты сұрақ қойды.…

1 неделя ago

This website uses cookies.